Санкциялар қазақстандық екінші деңгейлі банктерінің қызметіне шектеулі әсер етеді

2 Сәуір 2022, 10:21
1989
Бөлісу:
Санкциялар қазақстандық екінші деңгейлі банктерінің қызметіне шектеулі әсер етеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 1 сәуірде S&P халықаралық рейтинг агенттігі Қазақстан Республикасының егемен кредит рейтингінің «тұрақты» болжамды «BBB-» деңгейін растады. 

Болжамның сақталуы Каспи құбыр консорциумы (КҚК) қуаттарының қысқа мерзімге төмендеуіне негізделеді. Агенттіктің болжамынша Қазақстанның орнықты фискалдық позициясы мен ауқымды сыртқы резервтері алдағы екі жылда Ресейдегі экономикалық құлдыраудың салдарын біршама бейтараптандырады.

Ұлттық банктің мәліметінше, Қазақстанның жалпы мұнай экспортының 70%-ға жуығын Еуропаға тасымалдайтын КҚК құбырының тиеу терминалының ауа-райының қолайсыз жағдайына байланысты зақымдануы елдің экономикалық белсенділігі мен макроэкономикалық көрсеткіштеріне қысқа мерзімге ғана кері әсерін тигізуі мүмкін. Үкімет терминал жұмысын жедел қалпына келтіруді жоспарлап отыр, бұл қазіргі экономикалық жағдайға оң әсер етеді.

Сондай-ақ сарапшылар Қазақстанның сыртқы активтері қазіргі уақытта айтарлықтай жеткілікті екенін, ал жалпы сыртқы қаржыландыруға деген мұқтаждығы салыстырмалы түрде төмен екенін атап өтті. Бұл ретте S&P валюта нарығындағы тұрақсыздықты басу үшін резервтерді қолдану салдарынан аталмыш резервтрдің көлемі төмендейді деп күтуде. Дегенмен, агенттік мұнай мен алтынның жоғары бағасы, сондай-ақ сыртқы резервтердің жеткілікті деңгейі Қазақстанға орын алуы ықтимал шоктарды табысты еңсеруге мүмкіндік береді деп санайды.

Биыл ақпанда инфляция 8,7%-ға жеттң, бұл Ұлттық банк орнатқан 4-6%-дық дәлізден жоғары. 2022 жылы S&P ЖІӨ өсімі 2%-дық деңгейді құрайды деп болжауда. Агенттік Ұлттық банктің дер кезінде іске асырған әрекетін, тұрақсыздық жағдайында бағалар тұрақтылығын сақтау мақсатында базалық мөлшерлемені 13,5%-ға дейін көтергенін атап өтті. Теңгедегі депозиттердің тартымдылығын сақтау мақсатында Ұлттық банк Үкіметпен бірлесіп, бюджет қаражаты есебінен іске асырылатын теңгелік депозиттерді қорғау механизмін қабылдады. Сондай-ақ, S&P пікірінше, ресейлік банктерге қолданылған санкциялар Қазақстандық екінші деңгейлі банктерінің қызметіне шектеулі әсер ететінін алға тартты.

S&P пікірінше, қысқа мерзімдік перспективада кредит рейтингінің динамикасы КҚК-ны қалпына келтіру жұмыстарының мерзімі мен сыртқы экономикалық қызметті қолдауға байланысты болады, ал ұзақ мерзімдік перспективада рейтинг мемлекеттік институттардың саясатын одан әрі жетілдіру мен бизнес-ортаны жақсартуға тәуелді болады.

Өзгелердің жаңалығы