СҚО-да жыл басынан бері 33 жол-көлік оқиғасы тіркелді

2 Сәуір 2022, 22:35
1758
Бөлісу:
СҚО-да жыл басынан бері 33 жол-көлік оқиғасы тіркелді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің мәліметінше, жыл басынан бері өңірде ішімдік ішіп көлік айдаған 201 жүргізуші ұсталды. 

Тексере келгенде кей жүргізушілер ішімдік ішіп қана қоймай, тіпті көлік айдау құжатынан да айырылған.

Мәселен, Есіл ауданы Явленка ауылының 26 жастағы тұрғыны, түн ортасында ауылға мас сапарға шығуды ұйғарған. Мас адамды учаскелік полицей байқаған. Өткен жылдың қаңтарында ол бес жылға жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды.

Петропавл қаласының тұрғыны да көлікті есірткіге мас күйінде жүргізген. Өткен жылы 35 жастағы қала тұрғыны да жеті жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.

Енді оларға «Көлік құралдарын жүргізу құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе осындай адамның көлік құралын басқаруға жіберілуі» қылмыстық бабы бойынша жаза қолданылуы тиіс. Оның санкциясы 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды және өмір бойы басқару құқығынан айыруды көздейді.

Жыл басынан бері облыс жолдарында 33 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, 9 адам қаза тауып, 45 адам жарақат алды. 14 мыңнан астам жол қозғалысы ережелерін бұзу анықталды, – деді жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Айдын Байматов.

Өзгелердің жаңалығы