Бозымбаев: Тазалық бар жерде береке бар

2 Сәуір 2022, 18:42
1700
Бөлісу:
Бозымбаев: Тазалық бар жерде береке бар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Алматы облысында сенбілік өтуде. Тазалық шарасында 50 мыңдай азамат белсене ат салысуда, - деп хабарлайды Алматы облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Бұл сенбілік Ораза айының алғашқы күнімен тұспа тұс келіп отыр.  Бар мұсылман Ораза айын сағынышпен күтеді. Ораза - жан тазалығына бастаушы ай. Қабыл болсын!
Біздің бүгін сенбілікке шығып, ауламызды, көшемізді, қаламызды тазартуымыз да сауапты іс.
Соңғы екі жылда пандемиядан осындай сенбілікке шыға алмадық. Бүгін сол игі дәстүрді қайта жаңғыртып, белсенділердің бастамасымен сенбілік ұйымдастырылуда. Тұрғындар өз қалауымен тазалық жұмыстарына ат салысып, береке-бірлігін көрсетіп жатыр, - деді Қанат Бозымбаев.

Тазалау, абаттандыру мен көгалдандыру шараларына облыстағы барлық мекеме, ұйымдар, коммуналдық қызмет салалары белсене қатысып жатыр. Атап айтқанда, облыс бойынша 50 мыңдай азамат 4 мыңдай көшені, 18 мыңдай алаңқайды қоқыстан тазартуда. Сол сияқты аймақтағы 200-дей саябақты, 950 шақырым арықты қоқыстан арылтып, 14 мыңдай көшет егу жоспарланған.

Өзгелердің жаңалығы