Все новости за 16 сәуір 2022
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Құс тұмауы: Жапонияда 500 мыңнан астам тауықтың көзі жойылатын болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың күзінен бастап Жапонияда маусым сайынғы құс тұмауының өршуіне байланысты 500 мыңнан астам тауықтың көзі жойылды. Германия мен Нидерландыда да тұмаудың осы түрі өршіп тұр, деп хабарлайды Zakon.kz.
-
Руслан Құрбанов семсерлесуден әлем кубогінің жартылай финалына шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық Руслан Құрбанов семсерлесуден әлем кубогінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Olympic.kz.
-
Шымкентте елдегі ең ірі газ тарату станциясы іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкент қаласында сағатына 250 мың текше метр көгілдір отын таратуға қауқарлы автоматтандырылған газ тарату станциясы (АГРС-3) пайдалануға берілді. Жаңа газ тарату станциясы жылдың кез келген уақытында тұтынушыларға үздіксіз газ жеткізуді қамтамасыз ете алады. Бұл туралы Шымкент қалалық әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Алматыда есірткінің ірі партиясы тәркіленді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда синтетикалық есірткінің ірі партиясы тәркіленді, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті баспасөз қызметі.
-
Қазақстан қант импортының квотасын арттырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан қант импортының квотасын арттырды. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Қазақстан аумағында жер сілкінді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласынан батысқа қарай 151 км жерде жер сілкінісі болды. Бұл туралы Сейсмологиялық тәжірибе-әдістемелік экспедициясының (СТӘЭ) ресми сайты хабарлады.
-
Алматыда мопед ұрлығына қатысты күдіктілер ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Оңтүстік Африкада су тасқынынан қаза тапқандар саны артты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оңтүстік Африка Республикасының Квазулу Натал провинциясында су тасқынынан опат болғандар саны 400-ге жуықтады. 40 мыңнан аса тұрғын жапа шеккен, деп жазды Хабар24.
-
Солтүстік Қазақстан облысына 71 мың тонна дизель отыны бөлінді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов Солтүстік Қазақстан облысының тұрғындарымен кездесуде көктемгі егіс жұмыстарын уақтылы және тұрақты жүргізу үшін Солтүстік Қазақстан облысы үшін 71 мың тонна дизель отыны бөлінгенін хабарлады дейді министрліктің баспасөз қызметі.
-
Саясаттанушы аралас мектептерді реттеудің жолын айтты
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекеттік тілге деген қажеттілік болмаса аралас мектеп деген мәселе әлі күнге дейін сақталады. Бұл туралы саясаттанушы Дос Көшім Алматыда өткен «Аралас мектеп қазақты қайда апарады?!» атты жиында айтты.
-
Рудный қаласында 2 жасар сәби терезеден құлап көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысының Рудный қаласында 2 жасар сәби терезеден құлап көз жұмды, деп хабарлады ҚазАқпарат.
-
Аралас мектепті тоқтататын кез келді - депутат
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Аралас мектептен алдымен қазақ сыныптары зиян шегеді. Себебі біздің билік те, мемлекет те орыстілді. Елдегі қалыптасқан жағдайға байланысты қазақтілді сыныптар зиян шегіп, орыстілді болып шыға келеді. Бұл туралы ҚР Мәжілісінің депутаты, ақын, Қазыбек Иса Алматыда өткен «Аралас мектеп қазақты қайда апарады?!» атты жиында айтты.
-
Елордада мыңнан астам әскери қызметші сенбілікке шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарулы күштердің гарнизондарында әскери қалашықтар мен елдімекендерді абаттандыру, көгалдандыру және санитарлық тазалау сенбіліктері өткізіліп жатыр, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
-
Алматыда жартылай марафон өтіп, жолдар жабылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 17 сәуірде Алматыда жартылай марафон өтеді, жолдардың бір бөлігі жабылады деп хабарлады Алматы қаласының әкімдігі Telegram арнасында.
-
Қазақстандық файтер UFC-дегі келесі жекпе-жегін Раулин Пайвамен өткізеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық Сергей Морозов UFC-дегі келесі жекпе-жегін 25 маусымда бразилиялық Раулин Пайваға қарсы өткізеді. Бұл туралы ресейлік ММА журналисі және инсайдер Игорь Лазорин өз Telegram арнасында хабарлады.
-
Әскери теңізшілер оқу-жаттығу барысында диверсиялық шабуылға тойтарыс берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Батыл тойтарыс – 2022» оқу-жаттығуы шеңберінде Әскери-теңіз күштерінің әскери қызметшілері корабльдерді диверсиядан қорғау, теңіз миналарын залалсыздандыру және кемелерді тексеру сияқты оқу-жауынгерлік тапсырмаларын пысықтады.
-
Талғар тұрғындары жаңа білім ошағының аралас мектеп болуына қарсы
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін Алматыда «Аралас мектеп қазақты қайда апарады?!» атты алқалы жиын өтті. ҚР Парламенті депутаттары, тарихшылар, қоғам қайраткерлері мен тіл жанашырлары аралас мектептің ел болашағына балта шабатынын мәлімдеп, оларды жабу керек деген пікірлерін білдірді.
-
Нұр-Сұлтанда 18 сәуірден бастап жылу беру тоқтатылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласында күн райының жылынуына байланысты 18 сәуірден бастап жылу беру тоқтатылады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.
-
16 сәуірдегі валюта бағамы қандай?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ұлттық банкінің деректері бойынша 16 сәуірдегі валюта бағамы төмендегідей көрсеткіштерге ие.
-
Ассамблея жастары сенбілікке шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Birge – taza Qazaqstan» республикалық акциясы аясында елордалық ҚХА жастары «Сарыарқа» ауданы әкімінің аппаратымен бірлесіп жалпықалалық сенбілікке шықты.
-
Аралас мектеп қазақты қайда апарады?
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматыда ҚР Мәжіліс депутаттары, зиялы қауым өкілдері, тіл саласының мамандары, педагогтар, қоғам белсенділері мен журналистердің қатысуымен «Аралас мектеп қазақты қайда апарады?!» атты дөңгелек үстел өтті.
-
Әскери қызметшілердің әлеуметтік пакетіне енгізілген өзгерістер қандай мәселелерді шешеді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне әскери қызмет және арнаулы мемлекеттік органдар қызметкерлері мен әскери қызметшілердің тұрғын үй қатынастары мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды, деп хабарлады Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
-
Әскери қызметшілерді баспанамен қамту туралы заңнамаға өзгерістер енгізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.
-
Саран қаласын газдандыру индустриялық аймақтан басталады – Қасымбек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Саран қаласының тұрғындарымен кездесіп, азаматтарды жеке қабылдадым. Моноқалаларда ТКШ саласына, сондай-ақ қаланың инфрақұрылымын дамытуға қатысты мәселелер көптеп кездеседі, деп жазды Facebook-тегі парақшасында Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек.
-
Жас ғалымдардың «Ломоносов-2022» халықаралық конференциясы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында заманауи қоғамның дамуындағы іргелі ғылымның алатын рөліне арналған «Ломоносов-2022» XVII студенттер, магистранттар мен жас ғалымдар конференциясының пленарлық мәжілісі болып өтті.
-
Тунис жағалауында сауда кемесі батып кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сауда кемесі Тунистің Габес портының жанында батып кетті, бірақ экипаж құтқарылды. Бұл туралы азаматтық қорғаныс басқармасындағы дереккөзге сілтеме жасап, Mosaique FM радиостанциясы хабарлады.
-
Павлодарлық қала атауын өзгерту туралы пікір жазғаны үшін қамауға алынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодардың әкімшілік құқықбұзушылық бойынша мамандандырылған соты әлеуметтік желілердегі пікірлері үшін 59 жастағы қала тұрғынына қатысты істі қарады, деп хабарлады pavlodarnews.kz.
-
Түркістан облысында "Таза су айдындары" акциясы өтуде
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Түркістан облысында жыл сайынғы "Таза су айдындары" республикалық акциясы басталды, оның барысында күніне бес тонна қоқыс жиналып, 200-ге жуық балық құтқарылды. 30 мың метрге жуық иесіз балық аулау торлары анықталды.
-
«Қазгидромет» су тасқыны кезеңіне гидрологиялық болжам жасады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» мәліметінше, NASA спутниктерінің жерді қашықтықтан зондтау суреттері бойынша, Қазақстан аумағының қармен жабылған ауданы 3%-ды құрайды. Қар жамылғысы негізінен ШҚО, Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарының жыраларында, орманды және таулы жерлерінде сақталған.
-
Димаш Прагада көлік үстінде отырып қолтаңба таратты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Прагадағы «Типспорт» аренасының жанына жиналған адам қарасы көп болды. Әлемнің 15-тен астам елінен келген жанкүйерлер Димаш пен оның командасын жылы қарсы алды.
-
Нұр-Сұлтанда жол қозғалысының жас инспекторлары флешмоб ұйымдастырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2022 жылдың 11-15 сәуірі аралығында елордада кәмелетке толмағандардың құқықтық сауаттылығын қалыптастыру, азаматтардың ішкі істер органдарына сенімін арттыру, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды полиция жұмысымен таныстыру және қауіпсіздік шараларын оқыту мақсатында «Мен және менің полицейім» акциясы өтуде, деп хабарлады ПД баспасөз қызметі.
-
БҒМ тестілеу кезінде қайтыс болған мұғалімнің өліміне түсініктеме берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Қаринова тестілеу кезінде қайтыс болған ұстаздың отбасына көңіл айтып, осы оқиғаға қатысты көптеген жалған ақпарат тарап кеткенін айтты.
-
Мексикада мұнай өңдеу зауытында өрт шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мексиканың Оаксака штатындағы Pemex мұнай өңдеу зауытында өрт болды.
-
Диетолог денедегі D дәруменін толтырудың қарапайым әдісін атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Диетолог жылдың шуақты күндерінің аздығына байланысты денедегі D дәруменінің жетіспеушілігін толтырудың қарапайым әдісін атады.
-
Ауыл шаруашылығы министрі мен Жамбыл облысының әкімі шаруалармен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысына жұмыс сапары барысында Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев облыс әкімі Нұржан Нұржігітовпен бірге өңірдегі шаруалармен кездесті, деп хабарлады облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.
-
ИИДМ басшысы Беларусь Республикасының Қазақстандағы елшісімен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев Беларусь Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті Елшісі Павел Утюпинмен кездесті.
-
16 сәуір. Елдегі эпидемиологиялық жағдай
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі елдегі эпидемиологиялық жағдай туралы ақпаратты жариялады.
-
Ұлттық банк телефон алаяқтарының көбейгенін ескертті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алаяқтар өздерін Ұлттық банк қызметкері ретінде таныстырып, қазақстандықтардың жеке деректерін біліп алуға тырысады.
-
Өткен тәулікте 20 адамнан коронавирус анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда ПТР-тестінің оң нәтижесі бар коронавирус бойынша 2022 жылғы 15 сәуірдегі эпидемиологиялық жағдай жарияланды.
-
ТЖМ шенеуніктері пара алу күдігіне ілінді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің аумақтық ведомстволарының басшылары пара алды деген күдікке ілінді. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінен мәлім етті.
-
Сұлтан Зәуірбек қарсыласын нокаутпен жеңді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ.Қазақстандық боксшы Сұлтан Зәуірбек (12-0, 8 КО) Лондондағы York Hall-да өткен бокс кешінде «Питбуль» деген лақап атпен белгілі аргентиналық Николас Ботеллиді (11-6, 6 КО) жеңді, деп хабарлайды Sports.kz.
-
Қорғаныс министрлігі әскери парад неге өтпейтінін түсіндірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, биыл бюджет қаржысын үнемдеу мақсатында Жеңіс күніне орай әскери парад өткізілмейді.
-
1 миллионнан астам адам көлік салығын төлемеген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде 1 миллионнан астам адам көлік салығын төлемеген. Олардың берешегі 33 миллиард теңгеден асады.
-
Грекия туристер үшін COVID шектеулерін жеңілдетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Грекия билігі жазғы маусымның басталуына дейін туристер үшін антиковид шараларды жеңілдетуге шешім қабылдады.
-
Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатының кеңейтілген жиналысы өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қалалық мәслихатында «AMANAT» партиясы депутаттық фракциясының кеңейтілген жиналысы өтті. Жиын қала әкімі Алтай Көлгіновтің қатысуымен өтті.
-
«Болашақпен» оқуға болатын ЖОО тізімі кеңейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Білім және ғылым министрі оқуға жаны құмар азаматтарға жағымды жаңалықты хабарлады. Бұрын «Болашақ» бағдарламасымен оқуға 213 ЖОО ұсынылса, енді олардың саны 236-ға жетіп отыр.
-
Шу қаласында Балалар жылы спорттық жарыстармен жалғасуда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шу қаласында Балалар жылы спорттық жарыстармен жалғасуда, деп хабарлады АҚДМ баспасөз қызметі.
-
Польша Ресейден көмір импорттауға тыйым салды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Польша президенті Анджей Дуда жаңа заңға қол қойды. Ол бойынша Ресейден көмір импорттауға тыйым салынады.
-
Павлодарда мектеп өртеніп, бірнеше оқушы ауруханаға түсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодарда мектепте шыққан өрт салдарынан бес бала ауруханаға жеткізілген. Қазір зардап шеккендердің жағдайы тексеріліп жатыр.
Наверх