Саран қаласын газдандыру индустриялық аймақтан басталады – Қасымбек

16 Сәуір 2022, 13:55
1439
Бөлісу:
Саран қаласын газдандыру индустриялық аймақтан басталады – Қасымбек
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Саран қаласының тұрғындарымен кездесіп, азаматтарды жеке қабылдадым. Моноқалаларда ТКШ саласына, сондай-ақ қаланың инфрақұрылымын дамытуға қатысты мәселелер көптеп кездеседі, деп жазды Facebook-тегі парақшасында Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек.

Инфрақұрылымдық проблемалар бойынша қазір кестеге сәйкес орталық қазандықты салуды жалғастырудамыз. Қазір нысанның негізгі корпусы дайын, қазандықтар, сорғылар мен резервуарлар орнатылды. Алдағы жылыту маусымында қаланың бір бөлігін орталық жылуға қосуды жоспарлап отырмыз.

Қалада тұрғын үй құрылысының қарқыны 260% - ға артты. Мұндай өсу РТИ шағын ауданындағы үйлерді қалпына келтіру есебінен болып отыр. Онда тоғыз үй қалпына келтірілуде, қазірдің өзінде екі үйді жөндеу аяқталды. РТИ шағын ауданынан басқа қаладағы Рабочая көшесіндегі 100 пәтерлі екі жалдамалы үйді жөндеу аяқталып келеді, - деп жазды ол.

Саран қаласын газдандыру индустриялық аймақтан басталады – Қасымбек

Саран қаласын газдандыру индустриялық аймақтан басталады. Мұнда газ жеткізіліп,қазірдің өзінде кәсіпорындар қосыла бастады. 

Жоспар бойынша Ақтас кенті мен қаланы келесі жылдан бастап газ жүйесіне қосуды қолға аламыз.Қала көшелерін ағымдағы және орташа жөндеу жұмыстары басталды. Бірқатар тұрғын үйлердің қасбеттері мен аулалары ретке келтіріледі, - деді Қасмымбек.

Саран қаласын газдандыру индустриялық аймақтан басталады – Қасымбек

Сондай-ақ кеншілерден «АрселорМиттал Теміртау» міндеттемелерінің кейбір тармақтарын орындау бойынша келіп түскен мәселелерді талқыладық. Олар бойынша келесі аптада компания басшылығымен арнайы кездесу өткіземін. Мен үшін кеншілердің мәселелерін шешу аса маңызды.

Келесі кездесуді Теміртау қаласының тұрғындарымен өткізуді жоспарлап отырмын. Өз сұрақтарыңыз бен ұсыныстарыңызды жазыңыздар, кездесуде барлық мәселелерді талқылаймыз, - деді облыс әкімі.

Өзгелердің жаңалығы