Алматыда мопед ұрлығына қатысты күдіктілер ұсталды

16 Сәуір 2022, 19:18
1723
Бөлісу:
Алматыда мопед ұрлығына қатысты күдіктілер ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Мопедтерді ұрлау туралы алғашқы мәлімдемелер осы жылдың наурыз айында біздің бөлімшеге келе бастады. Күдіктілердің жеке басы анықталды, қазір олар ұсталды, – деді Алматы қаласы Наурызбай аудандық полиция басқармасының бастығы Дидар Аханов.

Оның айтуынша, барлық қылмыстар бейнекамералардың объективіне түскен.

Айыпталушылар түнгі уақытта көп пәтерлі үйлердің аулаларында қараусыз қалған көлік құралдарын «есептеп», оларды ұрлап, жасырғанын түсіндірді. Кейінірек сатып үлгерген екен. Осылайша, шабуылдаушылар екі мопедті сата алды, тағы үшеуі тәркіленіп, заттай дәлел ретінде қылмыстық іс материалдарына қосылды» – деп толықтырды полиция басқармасының бастығы.

Ұсталғандар – 1997, 1998, 2000 және 2003 жылдары туған Қазақстанның түрлі облыстарының тумалары.

Олардың бірі тым жас болса да, осыған ұқсас қылмыстар жасағаны үшін бұрын сотталған. Қазіргі уақытта күдіктілердің басқа ұрлықтарға қатысы бар-жоғы дәлелденуде. Жедел тергеу шаралары ары қарай жүргізіліп жатыр, – деді Аханов.

Өзгелердің жаңалығы