Димаш Прагада көлік үстінде отырып қолтаңба таратты

16 Сәуір 2022, 11:48
1364
Бөлісу:
Димаш Прагада көлік үстінде отырып қолтаңба таратты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Прагадағы «Типспорт» аренасының жанына жиналған адам қарасы көп болды. Әлемнің 15-тен астам елінен келген жанкүйерлер Димаш пен оның командасын жылы қарсы алды.

Dimashnews сайтының мәліметінше, Димаш Құдайбергеннің жеке концерті өтетін аренаның «Типспорт» аумағында кеше жылы және мерекелік атмосфера орнады. Чехия, Финляндия, Бразилия, Ресей, Румыния, Украина, Германия, Болгария, Канада, Ұлыбритания, Испания, Перу, Польша, Қазақстан және басқа да елдердің өкілдері Димашты Чех Республикасының жүрегі – Прагада үлкен қуанышпен қарсы алды. 

Сондай-ақ, әншіге жергілікті шеберлердің ұлттық чех стилінде қолдан жасалған әдемі сыйлықтары тапсырылды. Қарсы алушылар өте көп болғандықтан Димашқа автомобильдің үстіне шығып, қолтаңба таратуға тура келді.  Ол жанкүйерлерімен сөйлесіп, оларға алғысын айтты.
 

Өзгелердің жаңалығы