Тунис жағалауында сауда кемесі батып кетті

16 Сәуір 2022, 13:13
1852
Бөлісу:
Тунис жағалауында сауда кемесі батып кетті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сауда кемесі Тунистің Габес портының жанында батып кетті, бірақ экипаж құтқарылды. Бұл туралы азаматтық қорғаныс басқармасындағы дереккөзге сілтеме жасап, Mosaique FM радиостанциясы хабарлады.

Дереккөзге сәйкес, кеме экипажының Түркия мен Әзірбайжан азаматтары болып табылатын барлық жеті мүшесі құтқарылып, Габес ауруханасына жеткізілді.

Экваторлық Гвинеядан келе жатқан кеме оған су кіргеннен батып кетті. Бірақ экипаж мүшелері жіберген белгі беру зымырандарын жағалау күзеті байқады. 

Өзгелердің жаңалығы