Жас ғалымдардың «Ломоносов-2022» халықаралық конференциясы өтті

16 Сәуір 2022, 13:26
2231
Бөлісу:
Жас ғалымдардың «Ломоносов-2022» халықаралық конференциясы өтті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. М.В.Ломоносов атындағы ММУ Қазақстан филиалында заманауи қоғамның дамуындағы іргелі ғылымның алатын рөліне арналған «Ломоносов-2022» XVII студенттер, магистранттар мен жас ғалымдар конференциясының пленарлық мәжілісі болып өтті.

Конференция Мәскеу университеті өткізетін «Ломоносов» XVIII Халықаралық жастар ғылыми форумының құрамдас бөлшегі болып табылады.

 «Ломоносов» конференциясы – бұл жас таланттардың ғылыми ізденіс тәжірибесін алмасу алаңы, жолын жаңа бастап жатқан жас ғалымдардың ғылыми потенциалы ашылуына мүмкіндік беретін орын.

Өзінің онлайн құттықтау сөзінде ММУ ректоры академик В.А. Садовничий  «Ломоносов» жастар форумын өткізудің басты мақсаттарының бірі студент жастардың білім мен ғылымның өрелі мақсаттары үшін басын қосып бірігуі болып табылатынын атап өтті. Ректор конференцияға қатысушылардың барлығына шығармашылық диалог орнатып, тиімді нәтижелерге қол жеткізуіне тілегін білдірді.

Конференцияға қатысушыларға онлайн форматта ММУ Қазақстан филиалының кафедраларымен ынтымақтастықта қызмет етіп келе жатқан Мәскеу университеті факультеттерінің декандары да өздерінің ақ тілектерін білдірді.

Жас ғалымдардың «Ломоносов-2022» халықаралық конференциясы өтті

ММУ Қазақстан филиалының директоры профессор Александр Владимирович Сидорович өзінің қатысушыларға арналған кіріспе қошемет сөзінде Мәскеу университетінің барлық уақытта да іргелі ғылым мен іргелі білім беру университеті болып келе жатқанын атап өтті. «Біздің міндетіміз  - ғылымды алға қарай дамыту. Бұл ретте ғылымда жүрген барлығының да, студенттен бастап ірі тұлғаға айналған ғалымға дейін бірдей екенін айтқым келеді. Тек ғылым жолы ғана осынау әлемнің құпия сырларына терең баруға, даму заңдылықтарын бағалауға, адами іс-әрекеттердің жаңа технологиялары мен әдістерін табуға, адамзат қоғамының даму бағдарын дұрыс түсінуге мүмкіндік береді».

А.В. Сидорович Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрі А.Қ. Аймағамбетовтің тарапынан Қазақстан филиалында «Ломоносов» конференциясы өткізілуіне қолдау білдіріліп отырғанын атап өтті. Сонымен қатар, А.В. Сидорович Қазақстан Республикасындағы РФ Төтенше және Өкілетті елшісі А.Н. Бородавкиннің конференцияға қатысушыларды құттықтау сөзін оқып берді. 

Жас ғалымдардың «Ломоносов-2022» халықаралық конференциясы өтті

«Құрметті «Ломоносов-2022» конференциясына қатысушылар, сіздерді осынау маңызды пікір алмасу алаңының өз жұмысын бастауымен құттықтаймын. Қазақстан жерінде жас ғалымдардың «Ломоносов» халықаралық конференциясы өткізілуі жақсы дәстүрге айналды. Оның ұйымдастырушысы ММУ Қазақстан филиалы – Мәскеу университетінің үздік филиалдарының бірі. Филиал өткен жылы өзінің 20 жылдығын атап өткені белгілі. Студент жастардың осы конференцияға қатысуға деген ұмтылысының жыл өткен сайын арта түскенін, қатысушылардың географиясы жыл сайын кеңейіп жатқанын қуана атап өту керек. Конференцияға қазақстандық, ресейлік және жақын шетелдік көптеген университеттерден жас ғалымдар қатысуда. Сіздерге ТМД аясында Қазақстан Республикасының ғылым саласындағы ерекше жетістіктері үшін берілетін М.В.Ломоносов атындағы премия тағайындау туралы ұсынысы қарастырылып, пысықталып жатқанын ерекше қуанышпен хабарлағым келеді», - деді ол. 

«Ломоносов» конференциясы, көп жағдайда, болашақ  ғылыми лауазымның тұсауын кесетін орынға айналып отыр. Оған үлгі ретінде Филиал түлектерінің, ММУ Қазақстан филиалының аға оқытушысы, география ғылымдарының кандидаты Владимир Дехничтің және Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институтының Әлеуметтік зерттеулер бөлімінің аға ғылыми қызметкері  Анна Альшанскаяның пленарлық мәжілісте жасаған баяндамаларын атауға болады.

Конференцияда іргелі математиканың, математикалық модельдеудің және ақпараттық технологияның, заманауи экономика ғылымы дамуы тенденцияларының, Қазақстан аймағы және қалаларының тұрақты дамуының геоэкологиялық мәселелерінің, Қазақстан тарихы мен мәдениетінің, филология ғылымының іргелі мәселелерінің заманауи тұрғыдан қарастырылуына арналған секцияларында 250-ден астам баяндама тыңдалды. 

 16 сәуірде конференцияның қорытындысы жасалынады және жеңімпаздар марапатталады.

Өзгелердің жаңалығы