Руслан Құрбанов семсерлесуден әлем кубогінің жартылай финалына шықты

16 Сәуір 2022, 23:31
1675
Бөлісу:
Руслан Құрбанов семсерлесуден әлем кубогінің жартылай финалына шықты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық Руслан Құрбанов семсерлесуден әлем кубогінің жартылай финалына жолдама алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

Бұл күндері Парижде (Франуия) семсерлесуден әлем кубогінің кезеңі өтіп жатыр. Қазақстан спортшысы Руслан Құрбанов жартылай финалдық жолдаманы сарапқа салды. Оның ширек финалда қарсыласы Египет спортшысы Мохаммад Эльсаед болды. Екеуара кездесу 15:14 есебімен аяқталып, жартылай финалға шықты.

Финал үшін бәсекеде Руслан Құрбанов франциялық Александра Барденетпен кездеседі.

Айта кетейік, әлем кубогі ертең 17 сәуірде аяқталады. 

Өзгелердің жаңалығы