Шу қаласында Балалар жылы спорттық жарыстармен жалғасуда

16 Сәуір 2022, 02:13
1837
Бөлісу:
Шу қаласында Балалар жылы спорттық жарыстармен жалғасуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шу қаласында Балалар жылы спорттық жарыстармен жалғасуда, деп хабарлады АҚДМ баспасөз қызметі.

Президенттік Жастар кадрлық резервінің мүшелері волонтерлік бастама ретінде Жамбыл облысының Шу қаласында үстел теннисінен республикалық турнир ұйымдастырып, Балалар жылына арналған жасөспірімдер арасында баскетболдан ашық аудандық турнир өткізді.

 

Іс-шараға Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Александр Данилов қатысып, өскелең ұрпақтың бәсекеге қабілеттілік рухын қалыптастыру мен нығайтудың, оның ішінде дене шынықтыру және спортқа баулудың маңыздылығына тоқталды. Мұндай іс-шараларды жүзеге асыру үшін мемлекет, бизнес және қоғамдық сектор синергиясының қажеттігі ерекше аталды.

Спорт жарыстарында Қазақстанның әр өңірінен келген 150-ден астам балалар мен жасөспірімдер өз шеберліктерін көрсетті, жеңімпаздарға медальдар, грамоталар және естелік сыйлықтар табысталды.

Турнирлерді ұйымдастырушы, Президенттік Жастар кадрлық резервінің мүшесі Мақсат Джатабаев бұл эпидемиологиялық шектеулерге байланысты екі жылдық үзілістен кейін Балалар жылы аясында өткен алғашқы республикалық спорттық іс-шаралардың бірі екенін айта келіп, елдегі балалар спортын тек мемлекет тарапынан ғана емес, сонымен қатар, азаматтық және кәсіпкерлік қоғамдастықтар, бастамашыл топтар тарапынан да одан әрі қолдауға сенім білдірді.

Өзгелердің жаңалығы