Алматыда есірткінің ірі партиясы тәркіленді
16 Сәуір, 22:10 934

Алматыда есірткінің ірі партиясы тәркіленді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматыда синтетикалық есірткінің ірі партиясы тәркіленді, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматы қаласының 27 жастағы тұрғынынан психотроптық зат салынған 23 бума тәркіленді.

Сот-химиялық сараптаманың қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттар психотроптық «мефедрон» екені анықталды. Патрульдік полиция инспекторлары Түркістан облысының тумасын ұстады. Патрульдік полиция қызметкерлері тыйым салынған препараттар бар-жоғын сұрағанда, ер адам қолында есірткі бар екенін бірден мойындады, - деді Әуезов ауданы полиция басқармасының басшысы Ұлан Әбілқайыр.

Тұрғылықты мекенжайын тінту кезінде есірткі мен ірі көлемде ақша табылған.

Ол уақытша ұстау изоляторына қамалды.

 


Фото: дереккөз
Загрузка...