Қорғаныс министрлігі әскери парад неге өтпейтінін түсіндірді

16 Сәуір 2022, 07:10
1646
Бөлісу:
Қорғаныс министрлігі әскери парад неге өтпейтінін түсіндірді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, биыл бюджет қаржысын үнемдеу мақсатында Жеңіс күніне орай әскери парад өткізілмейді.

2022 жылы Қазақстанда бюджет қаражатын үнемдеуге және басқа да міндеттерді шешу қажеттілігіне байланысты әскери парад өткізу жоспарланып отырған жоқ, - делінген хабарламада.

Атап айтқанда, министрлік Қазақстан Қарулы күштері бөлімшелерінің жауынгерлік әзірлігі мен ұтқырлығының қажетті деңгейін қолдауға, мемлекеттік және әскери нысандарды күзету мен қорғауды қамтамасыз ету жөніндегі тапсырмаларды орындауға басымдық беріп отыр.

Өзгелердің жаңалығы