Қазақстан қант импортының квотасын арттырды

16 Сәуір 2022, 21:57
1661
Бөлісу:
Қазақстан қант импортының квотасын арттырды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан қант импортының квотасын арттырды. Бұл туралы Сауда және интеграция министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады. 

Министр Бақыт Сұлтановтың қатысуымен өткен Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің отырысында Қазақстанның ақ қант пен шикі қантты бажсыз жеткізу квотасын тағы 100 мың тоннаға арттыру туралы ұсынысы мақұлданды.

Негізгі импорттаушы елдер – Ресей мен Беларусь. Бұл елдерден экспорттың шектелуіне байланысты Қазақстан жаңа жеткізушілерді іздеуге мәжбүр. Біз Еуразиялық экономикалық комиссияға кедендік баждың нөлдік мөлшерлемесі бойынша қантқа арналған квотаны ұлғайту туралы өтініш жасадық, – деді Бақыт Сұлтанов.

Қант – әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауары, ол басқа да бірқатар өнімнің бағасына әсер етеді. Осыған байланысты міндет тек тапшылықтың алдын алу ғана емес, қазақстандық тұтынушылар, оның ішінде тамақ өнеркәсібінің жекелеген секторлары – кондитерлік өнімдер мен алкогольсіз сусын өндірушілер үшін қант құнын тұрақтандыру және төмендетуді қамтамасыз ету.

Осылайша Қазақстан биыл тамыздың соңына дейін кедендік баж салығын нөл деңгейінде сақтап, жалпы көлемі 350 мың тоннаға дейін ақ қант пен шикі қантты импорттай алады.

Өзгелердің жаңалығы