Диетолог денедегі D дәруменін толтырудың қарапайым әдісін атады

16 Сәуір 2022, 10:20
1732
Бөлісу:
Диетолог денедегі D дәруменін толтырудың қарапайым әдісін атады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Диетолог жылдың шуақты күндерінің аздығына байланысты денедегі D дәруменінің жетіспеушілігін толтырудың қарапайым әдісін атады.

Әртүрлі зерттеулерге сәйкес, халықтың 80 процентінен астамында D дәруменінің жетіспеушілігі байқалады. Бұл жетіспеушілік климаттық жағдайларға және елдің аумақтық орналасуына байланысты, - деп түсіндірді диетолог Елена Соломатина. 

Сонымен қатар D дәруменінің жетіспеушілігіне рационда балық майының болмауы және күннен қорғануға арналған әртүрлі құралдарды жиі қолдану әсер етеді.

Осы элементтің қорын толықтыру үшін дәрігер қолжетімді майлы балық түрлерін - треска, скумбрия, майшабақ, сардинді жеуге кеңес береді.  D дәруменінің жеткілікті апталық мөлшері треска бауырының бір банкасында кездеседі. «Лосось және форель сияқты қымбат майлы балықты сатып алудың қажеті жоқ, өйткені қымбат майлы балықтар да аквамәдениет өнімі болып табылады. Онда D дәрумені де, Омега 3-те тиісті мөлшерде болмайды. Сондықтан балықтың жабайы болғаны жақсы және оны қуырмаған дұрыс, - деді диетолог.

D дәрумені иммунитетке, эмоционалды жағдайға, шаштың, тістің және тырнақтың саулығына, қан қысымына жауап береді. Бұл элементтің жетіспеушілігімен остеопороз, гипертония және психикалық бұзылулар пайда болуы мүмкін. 

Өзгелердің жаңалығы