Павлодарлық қала атауын өзгерту туралы пікір жазғаны үшін қамауға алынды

16 Сәуір 2022, 12:47
1717
Бөлісу:
Павлодарлық қала атауын өзгерту туралы пікір жазғаны үшін қамауға алынды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Павлодардың әкімшілік құқықбұзушылық бойынша мамандандырылған соты әлеуметтік желілердегі пікірлері үшін 59 жастағы қала тұрғынына қатысты істі қарады, деп хабарлады  pavlodarnews.kz.

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында полицейлер ел тұрғындарының ар-намысы мен қадір-қасиетін қорлайтын пікірді анықтады. Іс «ұсақ бұзақылық» бабы бойынша қаралды.

Сотта ер адам кінәсін толық мойындап, әлеуметтік желіде Павлодар қаласының атауын өзгерту туралы петиция жарияланғанын және ол Қазақстан тұрғындарына тіл тигізетін пікірлер қалдырғанын түсіндірді. Ер адам өз ісіне өкініш білдірді, - делінген хабарламада.

Сот ер адамды ұсақ бұзақылық жасағаны үшін кінәлі деп танып, үш тәулік мерзімге әкімшілік қамау түріндегі жаза тағайындады. Сот қаулысы әлі заңды күшіне енген жоқ.

Өзгелердің жаңалығы