Қазақстандық файтер UFC-дегі келесі жекпе-жегін Раулин Пайвамен өткізеді

16 Сәуір 2022, 16:45
1250
Бөлісу:
Қазақстандық файтер UFC-дегі келесі жекпе-жегін Раулин Пайвамен өткізеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық Сергей Морозов UFC-дегі келесі жекпе-жегін 25 маусымда бразилиялық Раулин Пайваға қарсы өткізеді. Бұл туралы ресейлік ММА журналисі және инсайдер Игорь Лазорин өз Telegram арнасында хабарлады. 

Пайва қазақстандық ММА әуесқойларына жақсы таныс, 2020 жылы Жалғас Жұмағұловты жеңген.

Морозов бұған дейін Пайвамен жекпе-жек өткізуге дайын екенін айтқан.

Сергей соңғы рет ақпан айында Америкадағы промоушенде бразилиялық Дуглас Силва де Андрадеден мерзімінен бұрын жеңілді. Қазақстандық үшін бұл сәтсіздік өткізілген үш айқаста екінші болды. 

Өзгелердің жаңалығы