«Қазгидромет» су тасқыны кезеңіне гидрологиялық болжам жасады

16 Сәуір 2022, 12:10
2124
Бөлісу:
«Қазгидромет» су тасқыны кезеңіне гидрологиялық болжам жасады
Фото: Бауыржан ЖУАСБАЕВ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қазгидромет» мәліметінше, NASA спутниктерінің  жерді қашықтықтан зондтау суреттері бойынша, Қазақстан аумағының қармен жабылған ауданы 3%-ды құрайды. Қар жамылғысы негізінен ШҚО, Алматы, Жамбыл және Түркістан облыстарының жыраларында, орманды және таулы жерлерінде сақталған. 

2022 жылдың 16-22 сәуіріне арналған апталық синоптикалық болжамға сәйкес, атмосфералық фронттардың өтуімен, батыста, солтүстік-батыста, солтүстікте, оңтүстікте, шығыста, елдің орталығында жаңбыр жауады, ал кезең соңында жаңбыр қарға ауысуы мүмкін. 

Қатты жаңбыр 20-22 сәуірде Түркістан, Жамбыл, Алматы облыстарының оңтүстігінде, қар аралас жаңбыр — таулы және тау бөктерінде болады деп күтілуде. 21-22 сәуірде Шығыс Қазақстан облысында қатты жауын-шашын (жаңбыр, қар) болжанады, осыған байланысты республиканың оңтүстігі, оңтүстік-шығысы мен шығысының тау бөктеріндегі аудандарында беткейлік ағынды қалыптасуы күтіледі, - делінген ақпаратта.

Су тасқыны шыңдары Қарағанды, Қостанай және Ақтөбе облыстарында өтті. Батыс Қазақстан және Атырау облыстарында Жайық өзенінің одан әрі сулылығы Ресей аумағында орналасқан су қоймаларының жұмыс режимдерімен айқындалатын болады.

Ақмола облысының өзендерінде көктемгі су тасқынының шыңдары өтті, өзендердің жоғарғы ағысынан шығу толқындары есебінен Нұра және Есіл өзендері деңгейлерінің одан әрі ауытқуы күтілуде. 

Павлодар облысындағы Ертіс өзенінің одан әрі сулылығы Жоғарғы Ертіс су қоймалары каскадының (Бұқтырма және Шульба су қоймалары) жұмыс режимдерімен айқындалатын болады.

Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынының 1-ші кезеңі өтті. Аққанбұрлық, Бабықбұрлық, Иманбұрлық өзендерінде Есіл өзенінің салалары және Сергеев су қоймасына құяды. су деңгейінің төмендеуі байқалады. Есіл, Қалқұтан, Жабай және Терісаққан өзендерінің (Ақмола облысы) ағысы көлемінің өсуін ескере отырып, Солтүстік Қазақстан облысында су тасқынының 2-ші кезеңінен өту мамыр айының басына дейін жалғасады, - делінген хабарламада.

Шығыс Қазақстан, Түркістан, Жамбыл және Алматы облыстарының таулы өзендерінде ел аумағында қалыптасқан су тасқыны қатты жауын-шашынға байланысты.

Сырдария, Шу, Талас, Іле, Ертіс, Жайық, Қиғаш трансшекаралық өзендеріндегі судың одан әрі сулылығы Ресей, Қытай, Қырғызстан, Тәжікстан, Өзбекстан аумағында орналасқан су қоймаларының жұмыс режимдерімен айқындалатын болады.

Өзгелердің жаңалығы