Ассамблея жастары сенбілікке шықты

16 Сәуір 2022, 15:10
2360
Бөлісу:
Ассамблея жастары сенбілікке шықты
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Birge – taza Qazaqstan» республикалық акциясы аясында елордалық ҚХА жастары «Сарыарқа» ауданы әкімінің аппаратымен бірлесіп жалпықалалық сенбілікке шықты.  

Сенбілікке қатысушылар «Сарыарқа» ауданының көшелері мен аумағын абаттандыру бойынша жұмыс жүргізді. Атап айтқанда, Көктал-2 елдімекенінің Ақмола және Ұлытау көшелері қоқыстан тазартылып, абаттандырылды.

«Көгалдандыру, жинау, ағаш отырғызу санитарлық талаптар ғана емес, біздің ортақ мәдениетіміздің, өз қаламыз бен табиғатымызға ұқыпты қараудың белгісі», – дейді сенбілікке қатысушылар.

Ассамблея жастары сенбілікке шықты

Елорданың ҚХА жастары өкілдерінің айтуынша, тұрғылықты жерлердің келбеті мен тазалығы көбіне қалалықтарға байланысты. Бұл үшін тазалықты сақтауға коммуналдық қызмет қызметкерлері ғана емес, елорданың әрбір тұрғыны жұмылдырылуы тиіс.

Ассамблея жастары сенбілікке шықты

Бұған дейін елорданың этномәдени бірлестіктерінің өкілдері жалғызбасты қарттар мен ерекше қамқорлыққа мұқтаж адамдар үйлерінің аулаларын тазалауға қатысқанын айта кету керек.

Ассамблея жастары сенбілікке шықты

Жалпы елордада «Birge – taza Qazaqstan» республикалық акциясы аясында 16 сәуір мен 16 мамыр аралығында экология айлығы өтеді: жалпықалалық және коммуналдық сенбіліктер, ағаш отырғызу іс-шаралары жоспарланып отыр.

Өзгелердің жаңалығы