Все новости за 27 шілде 2021
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Елордада ер адам саябаққа жүгіруге шыққан қызды тонап кетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда ер адам кәмелетке толмаған қызды таңертең Триатлон паркінде тонап кетті. Бұл туралы қалалық полицияның баспасөз қызметі хабарлады.
-
Елде көмір қымбаттап жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы маусымда көмір 0,1%-ға, ал бір жылда шамамен 4%-ға қымбаттаған, деп хабарлайды energyprom.kz.
-
Наурызымда қорықшылар туралы фильм түсірілмек
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаңа кинотуынды Қостанай облысындағы Наурызым қорығында түсіріледі деп хабарлайды egemen.kz.
-
Қызылорда облысы Арал ауданына қуаңшылыққа байланысты көмектер беріліп жатыр
Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. Арал ауданындағы қуаңшылыққа байланысты көмекке мұқтаж отбасыларға жәрдем берілуде. Қазіргі таңда ауданға 4 715 тонна шөп, 85,2 тонна жем жеткізілді.
-
«Інжілді құрметтемейді»: АҚШ-та ер адам анасы мен ағасын өртеп жіберді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. АҚШ-та 40 жастағы ер адам шешесі мен ағасы тұратын үйді жанармай шашып, өртеп жіберген.
-
Алакөл демалыс аймағындағы кәсіпкерлер неге алаңдайды?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алакөлдің жағасында кәсіп ашқан кәсіпкерлер электр қуатын есептегіш құралдардың қымбаттығын айтып, шағымданып жатыр.
-
«Жәрдемақы алып беремін»: Шымкентте танысын алдап кеткен алаяқ ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте мемлекеттік жәрдемақы алып беремін деп тұрғынды алдап кеткен әйел ұсталды деп хабарлайды Polisia.kz.
-
«Өлім саны күрт өсуі мүмкін»: Цой төсек-орын тапшылығы туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бірқатар өңірде инфекциялық және реанимациялық төсек-орындардың тапшылығы болуы мүмкін.
-
Алматы облысында шөп шабу бригадасы құрылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында шөп шабу науқаны қызу жүріп жатыр, аудандарда бұл іске 1670 адам тартылған 295 шөп шабатын бригада жұмылдырылды. Науқанға 1576 шөп шабатын машина және 1401 пішен нығыздап жинайтын техника тартылған.
-
«Өкінішке қарай, біз көп сөйлеп, аз іс атқарамыз»: Президент сайланған әкімдер туралы айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақмола облысына жасаған жұмыс сапары барысында Қасым-Жомарт Тоқаевқа аймақ әкімі Ермек Маржықпаев өңірдегі жүзеге асырылып жатқан инвестициялық жобалар мен Көкшетау қаласының даму перспективалары туралы есеп берді деп хабарлайды Ақорданың ресми сайты.
-
Нұр-Сұлтан қоқысқа толып қалған: Рұқсат етілмеген 100-ден астам үйінді жойылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімдігі қаланың экологиясын жақсарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр. Соның ішінде қала аумағында рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою және болдырмау бойынша жұмыстар қолға алынған. Жыл басынан бері экологиялық полициямен бірлесіп 100-ден астам рұқсат етілмеген қоқыс орны жойылды. Полигонға 70 мың тоннадан астам қалдық шығарылды.
-
Қызылорда облысы Қазалы ауданында жарты жылда 1 578 жаңа жұмыс орны ашылды
Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қызылорда облыcынa қараcты Қазалы аyданында ел игiлiгi үшiн атқaрылғaн жұмыcтaр жетерлiк. Аудaнның шaлғай жaтқан aуылдарынa дейiн aсфальт жoл сaлынып жaтыр. Тaбиғи гaз желiсi тaртылып, аyыз сy сервистiк желiге қосылyда. Бiрақ бұл aуданда проблемaлық мәсeлелер жoқ дегeн сөз емeс. Мәсeлен, қазiргі тaңда ауылдaрға скважинa қазy, гaздандырy мәселесi өтe өзектi болып тұр. Oсы мәселелердi шешiлу барысындa атқaрылып жaтқан жұмыстaр мен аудaнның эконoмикaлық жaй-күйiн бiлу үшiн аудaн әкімi Мұхтaр Орaзбаевпен сұхбаттaсқан едiк.
-
Тоқаев «Eurasia Group Kazakhstan» ЖШС-нің сервис орталығын аралап көрді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы John Deer маркалы ауыл шаруашылығы техникаларының барлық түріне қызмет көрсететін ТМД-дағы ең ірі сервис орталығының жұмысымен танысты.
-
Елордада Мәңгілік Ел даңғылы мен Сығанақ қиылысында көлік қозғалысы жартылай жабылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордалық Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Нұр-Сұлтан қалалық ПД Әкімшілік полиция басқармасының келісімі бойынша Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Сығанақ көшесі мен Мәңгілік Ел даңғылы қиылысында жол жөндеу жұмыстарын бастады, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.
-
Президенттің Күзет қызметінде бірқатар ауыс-түйіс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының Өкімімен Ермек Алдабергенұлы Сағымбаев Қазақстан Республикасы Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары лауазымына тағайындалды.
-
Қызылордалықтар қайтарымсыз гранттың көмегімен кәсіптерін ашып жатыр
Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. Биыл Жаңақорған ауданының 300 тұрғыны мемлекеттік қолдаудың арқасында қайтарымсыз қаражатқа қол жеткізді.
-
Түркістанда жарты жылда сот өндірісіне 58 қылмыстық іс түскен
Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Түркістан облысының сот корпусы азаматтардан түскен арыз-шағымдарды қарау кезінде қаншалықты әділ шешім қабылдап жатыр? Күнделікті жұмыста келіп түскен істерді негізсіз созбалаңға салмастан қарайды ма? Тұрғындардың сот төрелігіне сенімі қаншалықты?
-
Президент Көкшетау қаласындағы онкологиялық емханаға барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысындағы қазіргі Covid-19 індетіне қатысты ахуалмен және өңірдегі денсаулық сақтау қызметінің жағдайымен танысты.
-
Токио-2020: Теннистен Михаил Кукушкин қарсыласынан не себепті ұтылғанын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Теннистен Қазақстан командасының мүшесі Михаил Кукушкин Токиодағы ойынын аяқтады. Ол екінші айналымда жеңіліске ұшырады.
-
Токио-2020: Теннистен Елена Рыбакина жартылай финалға жолдама алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Теннистен Олимпиаданың 8/1 ойындарында Елена Рыбакина қарсыласын жеңіп, жартылай финалға жолдама алды.
-
Алматы облысында сумен қамтамасыз ету жағдайы тұрақты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысында сумен қамтамасыз ету жағдайы тұрақты. Бұл туралы «Қазсушар» РМК Алматы филиалы директорының орынбасары Бақыт Әбішев хабарлады.
-
Қуаңшылық жайлаған өңірге Жетісудан 146 тонна жем-шөп жөнелтілді
Алматы, BAQ.KZ. Батыс Қазақстанның қуаңшылық жайлаған өңіріне Алматы облысынан 73 тоннадан астам шөп, 73 тонна жем және ақшалай көмек жөнелтілді.
-
Коронавирустан балалар қайтыс болып жатыр
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев онлайн брифингте айтты.
-
Шетелге капиталды заңсыз шығару қалай тексеріледі?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да «Өзара бағалау және Қаржылық мониторинг агенттігінің жас мамандар пулы туралы» өткен брифингте ҚР ҚМА Қаржылық мониторинг субъектілерімен жұмыс жөніндегі департамент басшысы Ғабит Лесбеков айтты.
-
Токио-2020: Дмитрий Баландин жартылай финалға жолдама алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Токиода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында 200 метрге брасс әдісімен жүзуден сынға түскен Дмитрий Баландин жартылай финалға жолдама алды.
-
Германияда жойқын жарылыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Германияның Леверкузен қаласындағы қоқыс қалдықтарын өртеу зауытында жойқын жарылыс болды.
-
Ноғайбаев терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес қандай стандарт бойынша жүзеге асырылатынын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да «Өзара бағалау және Қаржылық мониторинг агенттігінің жас мамандар пулы туралы» өткен брифингте Қаржылық мониторинг департаментінің басшысы Мақсат Ноғайбаев айтты.
-
Өзара бағалау Қазақстанның инвестициялық ахуалын жақсарта алады – ҚМА
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да «Өзара бағалау және Қаржылық мониторинг агенттігінің жас мамандар пулы туралы» өткен брифингте ҚР ҚМА Кадр жұмысы депаратментінің басшысы Нұрлан Адалиев айтты.
-
Шұғылалы Шығыстың шыңы биік
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл ел тәуелсіздігіне – 30 жыл. Өткенге көз жүгіртіп, шыққан шыңымызды бағамдасақ, әр аймақтың ел болып табанымызға нық тұрудағы қосқан үлестеріне жеке-жеке тоқталуға болады.
-
Италияда көлемі алмадай бұршақ жауды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Италияның орталығындағы Эмилия-Ромагна аймағына жауған бұршақ Парма қаласының негізгі А1 тас жолын және жүздеген көлік пен үйге зақым келтірген.
-
Қаржылық мониторинг агенттігінің жас мамандар пулы қалай жасақталады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да «Өзара бағалау және Қаржылық мониторинг агенттігінің жас мамандар пулы туралы» өткен брифингте ҚР ҚМА Кадр жұмысы депаратментінің басшысы Нұрлан Адалиев айтты.
-
Коронавирустың шарықтау шегі қай кезде болатыны айтылды
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Табынбаев онлайн брифинг барысында вирустың таралу шегі қай кезде болатынын айтты.
-
Мектептердегі қоңырауды домбыра күйлерімен ауыстыру ұсынылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Ғани Бейсембаев министрліктің аппарат жиналысында мектептердегі қоңырауларды шертпе және төкпе күйлерімен ауыстыруды ұсынды.
-
Президент Көкшетаудағы «Bolashaq saraiy» ғимаратына барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы «Bolashaq saraiy» ғимаратына барды.
-
Жамбыл облысында мұғалімдердің 98 пайызы вакцина алған – Жамалов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Талғат Жамалов айтты.
-
Токио-2020: Василий Левит нокаутпен ұтылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бокстан Қазақстан командасының тағы бір мүшесі Токио Олимпиадасын аяқтады.
-
Ренжулімін. Сәпиев Абылайхан Жүсіповтің жеңілісіне қатысты пікір білдірді
Алматы, BAQ.KZ. 2012 жылғы Лондон Олимпиадасының чемпионы Серік Сәпиев боксшы Абылайхан Жүсіповтің Токио олимпиадасында алғашқы кездесуде неліктен жеңілгеніне қатысты түсінік берді.
-
Қыркүйектен бастап оқытылатын Әліппенің ерекшелігі айтылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Ғани Бейсембаев жаңа оқу жылында қайта оқытылатын Әліппе пәнінің өзгешелігі туралы баяндап берді.
-
Тоқаев Ақмола облысының жаңадан сайланған ауыл әкімдерімен кездесті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Ақмола облысының жаңадан сайланған ауыл әкімдерімен әңгімелесті.
-
Биылғы оқу жылында қандай өзгерістер болады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Ғани Бейсембаев биылғы оқу жылында қандай өзгешеліктер болатыны туралы министрліктің аппарат жиналысында баяндап берді.
-
Қазақстан мен Өзбекстан арасын жалғайтын жаңа әуе қатынасы ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Өзбекстан Республикасының көлік министрі Илхом Махкамовпен кездесті.
-
Аймағамбетов: Студенттерден жұмысқа орналасқаны туралы анықтаманы сұратудың қажеті жоқ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы аппарат жиналысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.
-
Әлемде 194 миллионнан астам адам коронавирус жұқтырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Пандемия басталғаннан бері әлемде 194 миллионнан астам адам коронавирус жұқтырды.
-
Токио-2020: Абылайхан Жүсіпов Олимпиаданы жүлдесіз аяқтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токио Олимпиадасында бокстан Қазақстан командасынының өкілі Абылайхан Жүсіпов жеңіліс тапты, деп хабарлайды Olympic.kz.
-
Енді грантта оқыған түлектер жекеменшік ұйымдарда да жұмыс істей алады – Аймағамбетов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы аппарат жиналысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.
-
АҚШ Ирактағы 18 жылға жалғасқан миссиясын аяқтап, әскерін шығармақ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жақында АҚШ Президенті Джо Байден мен Ирактың премьер-министрі Мустафа аль-Казыми АҚШ-тың Ирактағы әскери миссиясын аяқтау бойынша келісімге қол қойды.
-
Тоқаев: Үкімет ауыл шаруашылығы мәселелерімен айналысуы қажет
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев «KazRost Engineering Ltd.» компаниясына барды.
-
COVID-19 кезінде азитромицинді пайдаланған дұрыс па?
Алматы, BAQ.KZ. COVID-19 пандемиясы антибиотиктерді тағайындауға және қолдануға әсер етті. Адамдар антибиотиктерді коронавирустық инфекциядан емдейді және қорғайды деп қате сеніп, оларды дәрігердің тиісті нұсқауларынсыз алдын алу мақсатында қабылдай бастады.
-
1-сыныпқа қабылдау үшін 310 мыңнан астам өтініш түсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгінгі таңда бірінші сыныпқа қабылдау үшін 310 мыңнан астам өтініш түсті.
-
АШМ мемлекеттік инспекторлары 1,5 мыңнан астам бұзушылықты анықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында АШМ мемлекеттік инспекторлары 92 млн теңгеден астам сомаға айыппұл салды. Фитосанитариялық бақылау жүргізу барысында өсімдіктер карантині саласында 1 723 бұзушылық анықталды.
-
Қызылорда облысында 450 қайырымдылық іс-шара ұйымдастырылды
Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. Еліміз үшін биыл мерейлі жыл. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы. Соның аясында Сыр өңірінде ірілі-ұсақты жобалар іске асырылып жатыр. Осы төңірегінде Қызылорда облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Мира Қазбековамен тілдескен едік.
-
Қай аймақтың жас мамандары гранттарын толық өтемей жүр?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. БҒМ «Қаржы орталығы» АҚ президенті Асқар Ибраимов мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша, яғни грантта білім алған қай аймақтың жас мамандары еңбекпен өтеу міндеттерін толық орындамай отырғанын айтты.
-
Тегін оқыған студенттерге гранттарын еңбекпен өтеу міндеттеледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. БҒМ «Қаржы орталығы» АҚ президенті Асқар Ибраимов мемлекеттік грантта оқыған түлектердің еңбекпен өтеу мәселелеріне қалай мониторинг жүргізілетінін министрліктің аппарат жиналысында айтып берді.
-
Токио-2020: Жансель Дениз британиялық қарсыласына есе жіберді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токио Олимпиадасының бесінші жарыс күні қазақстандық спортшылардың арасынан алғаш болып жарыс жолына шыққан таеквондошы Жансель (Жансәуле) Дениз екінші айқасын өткізді.Бұл туралы prosports.kz хабарлады.
-
Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Елдос Сметовке көлік кілті табысталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Елдос Сметов Қазақстанға оралды. Көпшілік спортшыны таңғы сағат 5-тің шамасында Алматы әуежайында күтіп алған. Ал спортшыға қолдау білдірген тілеулестері оған ерлігі үшін көлік сыйлады.
-
Павлодар облысында жабдықталған жағажайлар саны артты
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Павлодар облысында биылғы шомылу маусымында жабдықталған жағажайлар саны артты. Жаз мезгілінде жекеменшік жағажайлар ашылып, тұрғындар үшін қызмет көрсетуде.
-
Қазақстан студенттері Еуразия чемпионатында жеті медаль жеңіп алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. WorldSkills стандарттары бойынша өткен Еуразия чемпионатында Қазақстанның ұлттық құрамасы жеті медальға ие болды. Қазақстан колледждерінің үздік студенттерінен жасақталған команда 2 күміс, 5 қола медаль алды, деп хабарлады БҒМ баспасөз қызметі.
-
Туризм-2021: Пандемия жағдайындағы саяхат
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанда жазғы туристік маусым қызып тұр. Өткен жылы пандемияның салдарынан көптеген елдердің шекарасы жабылғаны белгілі.
-
Биыл ауыл әйелдеріне 16 грант бөлінеді – Сүлейменов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Жасыл» экономика және G-Global-ды дамыту Коалициясы» ЗТБ атқарушы директоры Асхат Сүлейменов «Әйелдердің ауыл шаруашылығының дамуына қосар үлесі» атты Батыс Қазақстан өңірлерінің аймақтық форумында айтты.
-
Алматыда арнайы операция кезінде пәтер ұрылары ұсталды
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда үш адамнан тұратын пәтер ұрылары ұсталды. Бұл туралы Алматы ПД-нің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Жарты жылда әйелдер бизнес бойынша 9 мың грант ұтып алған – вице-министр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов «Әйелдердің ауыл шаруашылығының дамуына қосар үлесі» атты Батыс Қазақстан өңірлерінің аймақтық форумында айтты.
-
Токио-2020: Денис Ганькин садақ атудан келесі кезеңге өте алмады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Садақ атудан Қазақстан командасының мүшесі Денис Ганькин Токио Олимпиадасындағы екінші кездесуінде ұтылып қалды. Бұл туралы Olympic.kz хабаралады.
-
Президент жұмыс сапарымен Көкшетау қаласына барды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақмола облысының орталығы Көкшетау қаласына жұмыс сапарымен келді, деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-тегі парақшасында.
-
Жамбыл облысында 53 бала ауырып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінің онлайн брифингінде Жамбыл облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының басшысы Әсет Қалиев айтты.
-
Шығыста ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын тойлау аясында 3 мыңнан астам шара өтті
Шығыс Қазақстан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Облыста ел Тәуелсіздігінің 30-жылдығын мерекелеуге байланысты шаралар аймақ басшысы Даниал Ахметовтың басшылығымен құрылған өңірлік штаб арқылы үйлестіріледі.
-
Қайырымды істер марафоны: 12 аймақта экоакция өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 19 шілдеден 25 шілдеге дейін «Қайырымды істер марафоны» жалпыұлттық жобасының қатысушылары жазғы қайырымдылық күнін мерекелеу аясында «Өз елімде із қалдырмай Sayahattime» атты ауқымды акцияға қатысты.
-
Токио-2020: Руслан Жапаров алғашқы қарсыласын ұтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токио Олимпиадасында таеквондодан бәсекелер өтіп жатыр. 80 келіден жоғары салмақта сынға түскен Руслан Жапаров Олимпиаданы сәтті бастады, деп хабарлайды Olympic.kz.
-
Жыл басынан бері «Еңбек» бағдарламасына мүгедектігі бар 11,6 мың адам қатысты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылдың 6 айының қорытындысы бойынша Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасы аясында 11,6 мың мүгедектігі бар адамға жұмыспен қамтуды қолдау шаралары көрсетілді.
-
Шағын ауылдардың мәселелері шешілуі тиіс – сенатор
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенатор Ғұмар Дүйсембаев Атырау облысына сапары аясында өңірді ет-сүт өнімдерімен қамтамасыз етуге маманданған Қызылқоға ауданында болды, деп хабарлады Сенаттың баспасөз қызметі.
-
«Достық» каналының қазақстандық бөлігіне су беру көлемі ұлғайтылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан мен Тәжікстан Республикасының Премьер-министрлері телефон арқылы сөйлесу қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластыққа сәйкес 26 шілдеде Душанбе қаласында ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі М. Мырзағалиевтің Тәжікстанның Энергетика және су шаруашылығы министрі Д. Джумамен екіжақты кездесуі өтті.
-
Қазақстандықтардың зейнетақы жинақтары 12,8 трлн теңгені құрады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. БЖЗҚ 2021 жылдың бірінші жарты жылдығының алдын ала қорытындысын шығарды, деп хабарлады зейнатақы қорының баспасөз қызметі.
-
Өткен тәулікте коронавирус пневмониясынан 24 адам қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өткен тәулікте Қазақстанда коронавирус инфекциясының белгілері бар пневмонияның 23 жағдайы тіркеліп, 24 адам қайтыс болды, деп хабарлады coronavirus2020.kz.
-
Індетке шалдыққан 1 461 адамның жағдайы ауыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР-да коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 2021 жылғы 27 шілдедегі ақпарат жарияланды.
-
COVID-19: 16 өңір бұрынғыдай «қызыл» аймақта
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 2021 жылғы 27 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
-
Өткен тәулікте 2625 адам індеттен емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 2625 адам коронавирус індетінен емделіп шықты.
-
Елорда маңындағы Қосшы ауылына қала мәртебесі берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда маңындағы Қосшы ауылына облыстық маңызы бар қала мәртебесі берілді. Бұл туралы Мемлекет басшысы арнайы жарлыққа қол қойды, деп хабарлады Ақорданың ресми сайты.
-
Елімізде бір тәулікте 6797 адам коронавирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 6797 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
-
Петропавлдағы көпбалалы отбасында он жетінші сәби дүниеге келді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Петропавлдағы көпбалалы отбасында он жетінші сәби дүниеге келді, деп хабарлайды Sputnik.kz.
-
Үндістанда нөсер мен көшкін салдарынан қаза тапқандар саны 164-ке жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Үндістанның Махараштра штатында қолайсыз ауа райы құрбандарының саны кем дегенде 164 адамға жетті, деп хабарлайды Хабар 24.
-
Жамбыл облысында бес күнде 37 қылмыс дерегі ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысының аумағында ағымдағы жылдың 19-23 шілдесі аралығында «Құқықтық тәртіп» жедел-алдын алу іс-шарасы өткізілді.
-
ШҚО-да пара алған шенеунік ұсталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысы аудандарының бірінде әкім орынбасары пара алды деген күдікпен ұсталды. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі мәлім етті.
-
Қарағанды облысында карантин шектеулері күшейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысында бас санитар дәрігердің жаңа қаулысы шықты. Аталмыш құжатқа сай өңірде «Ashyq» қосымшасына қосылмаған бірқатар нысандардың қызметі тоқтатылады.
-
«Мерген» фильмі Канадада өтетін фестивальге қатысады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Режиссер-дебютант Райымбек Әлжановтың «Мерген» атты қысқаметражды фильмі жанрлық киноларға арналған әлемдегі беделді фестивальдердің бірі – халықаралық Fantasia кинофестиваліне қатысады.
-
Қазақстандықтар тамызда неше күн демалады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жаздың соңғы айында қазақстандықтар қосымша он күн демалады.
-
Қытайда қоймадағы өрттен 14 адам қаза тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Сенбі күні Қытайдың солтүстік-шығысындағы Цзилинь провинциясының орталығы Чанчунь қаласындағы қоймада болған өрттен он төрт адам қайтыс болды, деп хабарлайды Синьхуа жаңалықтар агенттігі.
-
Қызылордада медбике жалған вакцина паспортын жасаған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Медбике қала тұрғынына «коронавирусқа қарсы екпе алды» деген құжат даярлап, ақпараттық жүйеге жалған мәлімет енгізген.
Наверх