Қызылорда облысы Арал ауданына қуаңшылыққа байланысты көмектер беріліп жатыр

27 Шілде 2021, 22:44
4463
Бөлісу:
Қызылорда облысы Арал ауданына қуаңшылыққа байланысты көмектер беріліп жатыр

Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. Арал ауданындағы қуаңшылыққа байланысты көмекке мұқтаж отбасыларға жәрдем берілуде. Қазіргі таңда ауданға 4 715 тонна шөп, 85,2 тонна жем жеткізілді.

Бұған дейін Арал ауданында қуаңшылықтың кесірінен мал қырылып жатқаны БАҚ арқылы жазылып та, айтылып та жатыр. Биылғы қыс қарсыз болып, халықтың әдеттегі көктемгі жаңбырдан үміті ақталмады. Көктемнің соңында болған құрғақшылық шаруаларды әбден әбігерге салғаны анық. Жыл басынан бері ауданда 569 мал өлімі тіркелген. Негізінен олар жылқы мен ірі қара.

Арал ауданының халқы көбіне мал шаруашылығына бейімделген. Балық пен мал аудан тұрғындарының негізгі табыс көзі десек болады. Оған дәлел аудандағы 931 шаруа қожалығының 33-і ғана егін шаруашылығымен айналысады, қалғандары мал өсіреді.

Аудан әкімдігінің ресми дерегінше қазіргі кезде шаруа қожалықтары мен аудан тұрғындарының жеке қосалқы шаруашылықтарында 49 405 ірі қара, 33 704 жылқы, 28 696 түйе, 94 017 қой-ешкі бағылуда.

Қызылорда және Маңғыстау облыстарындағы құрғақшылыққа байланысты ел Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке қажетті шараларды қабылдауды тапсырды. Біріншіден, мал басын сақтау үшін су ұңғымаларын қазып, жайылымдық және шабындық жерлерді суландыруға каналдар тазаланып, су бөгеттерін салу қажет. Осы жобаларды толығымен іске асыру үшін Сырдария өзенінен Бұрмақұлақ каналын жауып және Аспай су өткізгішін іске қосып, Ақшатау-Қамбаш көлдері жүйесін суару жұмыстары жүргізілуі керек.

Өңірде қалыптасқан күрделі ахуалды тұрақтандыру мақсатында шұғыл шаралар қабылдап, жүйелі жұмыстар үйлестіріліп жатыр. Соған сәйкес төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі аудандық комиссияның шұғыл 31 мамырда отырысы өткізілді. Жүргізілген жұмыстар мен зерттеу нәтижелері бойынша аудан аумағында төтенше жағдайларды жариялауға толық негіз бар екендігі дәлелденді. Нәтижесінде 23 маусымда төтенше жағдай енгізу жөнінде шешім қабылданды. Әділет министрлігінен тіркеуден өтіп, 12 шілдеден бастап Арал ауданының аумағына төтенше жағдай жарияланды.

Биылғы төлді қоса есептегенде аудандағы 205 822 бас малға 180 күнге 184 640 тонна шөп керек. Қазіргі кезде 4 715 тонна шөп және 85,2 тонна жем ауданға жеткізілді. Қалған 146 000 тонна шөп сырттан тасымалданатын болады. Бұл бойынша тиісті жұмыстар атқарылып жатыр. Көршілес Ырғыз ауданы мен өзіміздің облысқа қарасты 6 ауданмен келісімдер жасалды. Бұдан бөлек қайырымдылық көмек ретінде тұрмысы төмен 723 отбасына жем-шөп таратылып берілді. Аталған көмек 6 аудан мен Түркістан облысы, Шымкент, Қызылорда қалалары және жеке қор арқылы келді. Бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады, - дейді аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Жәнібек Жұбанов.

Бүгiнде аудан аумағында жем-шөп жетiспеушілігi байқалған аyылдарға жан-жақтан қолдаy көрсетiлiп жатыр. Бұдан бөлек өзара келiсiм негізінде елiміздегi iрi кәсiпкер, қоғам қайраткерi Болaт Өтемұрaтовтың қорынaн 213 млн қaржы бөлiндi. Қазiргi таңда қаржысы аyдандағы «Арaлым aйдын шaлқарым» қоғaмдық қорынa aударылды. Атaлған қaржы зaрдап шеккeн халықтың алғaшқы қажеттiліктерін өтeуге бағыттaлды.

Болaт Өтемұрaтовтың қорынан бөлiнген қaржы Арaл аудaнындaғы аз қамтылған 800 отбасына 900 тoнна құрaма жeм алyға жұмсалaды. Бұл 2021 жылғы қaрашaдан 2022 жылғы мaмырға дейiн жеткiлiкті болмaқ. Сонымeн қатaр, Сырдaрия өзенiнде Аманөткeл eлді мекенi ауданындa «Аспай» сy құбыры қалпына келтіріледi, бұл сy деңгейiн көтеругe жәнe Қамыcты-Ақшатаy көл жүйелерiн толтырyға мүмкiндік бередi, ұңғымaлар бұрғылaнaды, оның iшiнде қазiргi уақыттa аyыз сyы жоқ шaлғай Белaран аyылдық окрyгінде – тұрғындaр 35 шақыpым қашықтықтa орнaласқaн құдықты пaйдалaнaды. Бұдaн бaсқа, aуылдық округтeрдегi сeлолық тұтынy кооперативтерiнің тракторлaр, шөп шабaтын орындaр, соқaлар, жeм-шөп базaсын дaйындау үшiн пресс-жинақтaғыштар сaтып алады. Алыс жайылымдaрда мaл суaруды қамтaмасыз етy үшін сy тасығыштaр, жайылымдық және шaбындық жeрлерді сулaндырy үшін дизель сорғылаpы сaтып алынaды, - дейді «Арaлым – айдын шaлқаpым» қоғaмдық қopының құpылтайшыcы Аpғынбай Аcaнбaев.

Арал ауданы әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, қор қаражатының игілігін аудан халқы көре бастады. Аралдық кәсіпкер Жақсылық Ербатыров Қостанай өңірінен қажет деген 900 тонна жемнің қазіргі таңда 34 тоннасын әкелді. Ол көмек алдымен Сексеуіл кентіндегі 50 отбасыға берілді. Бұдан бөлек, кезекте 100 отбасы бар. Ауылдық округтердегі көмекке мұқтаж отбасыларға да көп ұзамай жәрдем беріледі.

Айта кетейік, Құрбан айт мерекесі қарсанында ҚMДБ төpағасы, Бас мүфти Наyрызбай қажы Taғaнұлының бастамасымен құрылған «Қиындықта ел бiрге» атты қайырымдылық жобасының аясында Маңғыстау және Қызылорда облыстарындағы қyаңшылыққа байланысcты респyблика имамдары асар ұйымдастыpды. Соның нәтижесінде Ақтөбе облысының Ырғыз өңірінен Арал ауданына 2500 пресс шөп жеткізілді. Ал 5000 пресс шөп Темiр аyданына қарасты Шұбарқұдық стансасы теміржол торабы арқылы Маңғыстау облысына жөнелтілді.



Өзгелердің жаңалығы