Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Елдос Сметовке көлік кілті табысталды

27 Шілде 2021, 12:52
4935
Бөлісу:
Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Елдос Сметовке көлік кілті табысталды
VIDEO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Елдос Сметов Қазақстанға оралды. Көпшілік спортшыны таңғы сағат 5-тің шамасында Алматы әуежайында күтіп алған. Ал спортшыға қолдау білдірген тілеулестері оған ерлігі үшін көлік сыйлады.

Олимпиада өте жақсы өтті. Қуаныштымыз. Осындай жетістікке қол жеткіздік, Аллаға шүкір! Өте қуанышты сезімдемін. Сезімді сөзбен айтып, жеткізе алмаймын енді, – деді ол.


Жерлесіміз Токио төрінде өткен додада әлемнің үздік дозюдошыларымен тайталасып, тағы бір мәрте мықтылығын дәлелдеді. Ол жартылай финалға дейін бар күшін-жігерін сарп етті. Дегенмен бұл жолы спортшымыз қарсыласы жапон өкілі Нао-хиса Така-тодан аз ғана ұпайпен жеңіліске ұшырады.

Айта кетейік, қазір еліміздің қоржынында үш қола медаль бар. 24 шілдеде дзюдошы Елдос Сметов жартылай финалда Нидерланды өкілі Торнике Чакадуаны ұтып, Қазақстанға қола медаль әкелді. Екеуін ауыр атлеттер – Игорь Сон мен Зульфия Чиншанло алып берді.

Өзгелердің жаңалығы