Аймағамбетов: Студенттерден жұмысқа орналасқаны туралы анықтаманы сұратудың қажеті жоқ

27 Шілде 2021, 15:10
3027
Бөлісу:
Аймағамбетов: Студенттерден жұмысқа орналасқаны туралы анықтаманы сұратудың қажеті жоқ

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы аппарат жиналысында Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтты.

Жұмысқа орналастыру орталықтарының бүгінгі жұмысының деңгейі мәз емес. Біздің көңіліміз толмайды. Университеттер көбінесе студенттер төртінші курсқа өтіп, ЖОО-ны бітіретін уақытта ғана жұмысқа тұрғызуды белсенді жүргізе бастайды. Бірақ бұл жұмыс, яғни алдын ала жұмыс орнын дайындау І-ІІ курстардан басталуы керек, - дейді ол.
Сонымен қатар түлектерден анықтама сұратуға қатысты тапсырма берілгенін айтты.
Университеттерге ешқандай анықтама сұраудың қажеті жоқ. Яғни жұмысқа орналасқаны туралы анықтама қажет емес. Өйткені біріншіден, ондай анықтаманы алып келудің ешқандай қиындығы жоқ, екіншіден жұмысқа орналасқанын БЗЖҚ-ға аударылатын қаржысы арқылы біліп отыруға мүмкіндік бар, - деп айтты Аймағамбетов.
Білім басшысы грантқа өтініш берген студенттерге ертеңгі күні оның сұрауы болатыны және міндетті жұмысқа орналасуы туралы тиісті ақпараттар берілуі қажеттігін айтты.
Оны грантқа құжат тапсырған немесе университетке түскен уақытта бірінші курсты бастамай тұрып құлағдар ету қажет. Кейін студент міндетті өтеу барын біле отырып, әрі қарай оқуын жалғастыратын болады, - деді ол.
Министр жоғары оқу орындарының басшыларына осы мәселені шешуді тапсырды.

Бұған дейін министр енді грантта оқыған түлектер жекеменшік ұйымдарда да жұмыс істей алатынын айтты.
Өзгелердің жаңалығы