Түркістанда жарты жылда сот өндірісіне 58 қылмыстық іс түскен

27 Шілде 2021, 18:20
2018
Бөлісу:
Түркістанда жарты жылда сот өндірісіне 58 қылмыстық іс түскен

Түркістан облысы, BAQ.KZ тілшісі. Түркістан облысының сот корпусы азаматтардан түскен арыз-шағымдарды қарау кезінде қаншалықты әділ шешім қабылдап жатыр? Күнделікті жұмыста келіп түскен істерді негізсіз созбалаңға салмастан қарайды ма? Тұрғындардың сот төрелігіне сенімі қаншалықты?

Осы аталған сұрақтар төңірегінде Түркістан қаласында орналасқан «Орталықтандырылған ақпараттық алаңда» мамандандырылған соттардың 2021 жылғы бірінші жартыжылдық қорытындысы жарияланды. Сонымен судьялар жария еткен мәліметтерге аз-кем шолу жасасақ.

Жиында судьялар 2021 жылдың бірінші жартыжылдығында сот өндірісіне 58 қылмыстық іс түскенін атап өтті. Оның ішінде 31 іс бойынша үкім шықса, 7  қаулы шығып, 1 жеке қаулы шығарылып аяқталғанын жеткізді. Ал әкімшілік істерге тоқтала кетсек 82 іс түскен, 22 іс қысқарып, 60 іске әкімшілік жаза берілген. Соның ішінде 4 жеке қаулы шыққан.

Биылғы жылдың көрсеткіштерін өткен жылғы жарты жылдықпен салыстырар болсақ, аймақтағы сот өндірісіне былтыр 43 қылмыстық іс түскен. Оның бесеуі былтырғыдан қалған, жалпы 36 іс аяқталған. 30 іс бойынша 37 тұлғаға қатысты 30 айыптау үкімі шыққан, 5 іс прокурорға қайтарылған. 1 іс бойынша медициналық шара қолданылған. Яғни 2020 жылдың бірінші жартыжылдығымен салыстырғанда 31 қылмыстық іске артық түскен. Үкім шығарумен аяқталған істер саны – 8 іске көп. Сондай-ақ өткен жылдың алты айында алқабилердің қатысуымен істер қаралмады, - деді Түркістан облыстық қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы міндетін атқарушы Дәурен Мадалиев.

Сот билігінің негізгі мақсаты – әділдікті ұстанып, сот төрелігін жүзеге асыру. Облыстағы азаматтардың бұзылған құқықтары мен бостандықтарын, заңды мүдделерін қорғау, қалпына келтіру. Түркістан судьялары атқарған жұмыстарына қатысты берген есепте азаматтардың құқықтары айтарлықтай деңгейде қорғалып жатқанын айтып өтті.

Бұдан кейінгі кезекте Түркістан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төраға міндетін атқарушы Гүлнұр Саттарова Түркістан облысының кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында 2021 жылдың алты айында 371 азаматтық талап арыз іс түскенін хабардар етті.

194 іс бойынша шешім шығарылған, оның ішінде 36 іс «Отбасылық-сот» пилоттық жобасы шеңберінде медиация тәртібімен қаралса, 1 іс бітімгершілік келісіммен аяқталды. Ал 2020 жылы 315 талап-арыз түскен, - деді Гүлнұр Керімқұлқызы.

Жалпы, осы жылы сотқа түскен 371 талап арыздың «Сот кабинеті» арқылы түскені 214 талап арыз, ал қалған талап арыздар мен ерекше талап қою арыздары пошта торабымен түскені мәлім болды.

Бұдан бөлек, жарты жылдықта 20 азаматтық іс бойынша апелляциялық жоғары тұрған сатыға қарау үшін жолданып, азаматтық істерге қатысты бұзылған және өзгертілген сот шешімдері болмаған. Апелляциялық шағымдар мен наразылықтар облыстық сотқа сапалы және мерзімінде жолданып отырады.

Бүгінде сот актілеріне апелляциялық және жеке шағымдар түсіп, уақытында жолданбай жатқан азаматтық істер жоқтығы да айтылды.

Өзгелердің жаңалығы