«Жәрдемақы алып беремін»: Шымкентте танысын алдап кеткен алаяқ ұсталды

27 Шілде 2021, 21:37
4112
Бөлісу:
«Жәрдемақы алып беремін»: Шымкентте танысын алдап кеткен алаяқ ұсталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шымкентте мемлекеттік жәрдемақы алып беремін деп тұрғынды алдап кеткен әйел ұсталды деп хабарлайды Polisia.kz. 

Шымкент қаласы Еңбекші ауданының Полиция басқармасына жергілікті тұрғын өзіне қатысты жасалған алаяқтық жайты туралы айтып, шағымданған. Танысы балаларына мемлекеттік жәрдемақы алып беремін деп, алаяқтық жолымен 45 000 теңге ақшалай қаражатын алып, осы күнге дейін ешқандай жәрдемақы алып бермей, алдап кеткендігін айтып көрсеткен. 

Бұл жайт Қазақстан Республикасы ҚК-нің 190-бабымен сотқа дейінгі тергеп-тексерулердің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Тәртіп сақшылары жедел іс-шараларды жүргізу барысында құқық бұзушылық жасаған әйелді анықтап, Полиция басқармасына жеткізді.

Оған қатысты «ешқайда кетпеу» туралы қолхат түріндегі бұлтартпау шарасы қолданылды.



Өзгелердің жаңалығы