Шетелге капиталды заңсыз шығару қалай тексеріледі?

27 Шілде 2021, 17:16
1685
Бөлісу:
Шетелге капиталды заңсыз шығару қалай тексеріледі?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да «Өзара бағалау және Қаржылық мониторинг агенттігінің жас мамандар пулы туралы» өткен брифингте ҚР ҚМА Қаржылық мониторинг субъектілерімен жұмыс жөніндегі департамент басшысы Ғабит Лесбеков айтты.

Бізде капиталды заңсыз шетелге шығаруға қатысты бап бар. Ол көп жағдайда кәсіпкерлердің белгілі бір келісімшартты жүзеге асыруына қатысты болады. Мұндай істер бойынша Ұлттық банк пен біздің экономикалық департаменттердің өңірлік ұйымдары өзара іс-қимыл жүргізіп жатыр. Ұлттық банктің өңірлік департаменттері осындай деректерді үнемі қадағалауда ұстайды, - деді ол.

Лесбеков айтқандай, Ұлттық банк келісімшартқа деп бағытталған қаржы жарты жыл бойы осы бағыт бойынша түспесе, олар ҚМА-ға ақпарат береді.

Олар өз кезегінде осындай істерді тергеу бойынша жоспар жүргізеді, - деді ол.

Айта кетейік, осыған дейін аталған брифингте терроризмді қаржыландыруға қарсы күрес қандай стандарт бойынша жүзеге асырылатыны айтылды.

Өзгелердің жаңалығы