Токио-2020: Дмитрий Баландин жартылай финалға жолдама алды

27 Шілде 2021, 17:12
1972
Бөлісу:
Токио-2020: Дмитрий Баландин жартылай финалға жолдама алды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Токиода өтіп жатқан Олимпиада ойындарында 200 метрге брасс әдісімен жүзуден сынға түскен Дмитрий Баландин жартылай финалға жолдама алды.

200 метрге брасс әдісімен жүзуден үздік 16 спортшыға жартылай финалға жолдама берілді.

Іріктеу жарысында 8 спортшының арасында Дмитрий Баландин 1:02:98 уақытты көрсетіп, 4-орынды алды.

Токио-2020: Дмитрий Баландин жартылай финалға жолдама алды

Айта кетсек, қазақстандық жүзуші Дмитрий Баландин 200 метрлік брасс бойынша олимпиада чемпионы, 2014 жылғы Азия ойындарының үш дүркін чемпионы. 50, 100 және 200 метр бойынша Қазақстан рекордсмені. Жүзу бойынша Қазақстан тарихындағы тұңғыш олимпиада чемпионы.

Олимпиада ойындарын отандық арналардан онлайн тамашалауға болады.

Еске сала кетейік, Токиодағы Олимпиада ойындарынан Қазақстан 3 қола медальға қолжеткізді. Алғашқы жүлдені дзюдошы Елдос Сметов әкелсе, қалған екеуін ауыр атлетшітер – Игорь Сон мен Зульфия Чиншанло алып берді.

Өзгелердің жаңалығы