Тоқаев: Үкімет ауыл шаруашылығы мәселелерімен айналысуы қажет

27 Шілде 2021, 14:20
1977
Бөлісу:
Тоқаев: Үкімет ауыл шаруашылығы мәселелерімен айналысуы қажет
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаев «KazRost Engineering Ltd.» компаниясына барды.

Бұл туралы Ақорданың ресми сайтында хабарланды. 

Тоқаев: Үкімет ауыл шаруашылығы мәселелерімен айналысуы қажет

Қазақстан Президентінің Ақмола облысына жұмыс сапары ресейлік «Ростсельмаш» компаниясымен арадағы ынтымақтастық аясында VECTOR410KZ және ACROS астық жинау комбайндарын құрастыратын «KazRost Engineering Ltd.»  кәсіпорнының жұмысымен танысудан басталды. Мемлекет басшысы ауыл шаруашылығы техникалары мен тракторлар құрастыратын цехты аралап көрді.

Тоқаев: Үкімет ауыл шаруашылығы мәселелерімен айналысуы қажет

Компания директоры Қайрат Қалманбаевтың айтуынша, былтыр 29,5 миллиард теңгеге 504 комбайн шығарылған. Биыл жыл соңына дейін 598 комбайн және YTO маркалы 300 дөңгелекті трактордың төрт түрін шығару жоспарланып отыр. Қазіргі таңда кәсіпорында 162 адам еңбек етеді.

Тоқаев: Үкімет ауыл шаруашылығы мәселелерімен айналысуы қажет

Мемлекет басшысы компанияның шығарып жатқан өнімі Қазақстанның солтүстік өңіріндегі тың жерлер үшін маңызды екенін атап өтті.

Ауыл шаруашылығы машиналарын жасау біз үшін басым бағыт саналады. Үкімет ауыл шаруашылығы мәселелерімен айналысуы қажет. Әлемде не болып жатқанын көріп отырсыздар. Азық-түліктің бағасы 40 пайызға қымбаттады. Біз еліміздегі бағаны ұстап тұруға тырысамыз. Бірақ бұл оңай емес. Аталған мәселелерді шешеміз. Әрине, Қазақстан ауыл шаруашылығы дамыған ел болуы тиіс. Біз іс жүзінде өзімізді ауыл шаруашылығы өнімдерімен толық қамтамасыз етуге көшуіміз керек. Қазір ірі компаниялармен және инвесторлармен жұмыс істеп жатырмыз, – деді Президент.
Тоқаев: Үкімет ауыл шаруашылығы мәселелерімен айналысуы қажет

Өзгелердің жаңалығы