Биыл ауыл әйелдеріне 16 грант бөлінеді – Сүлейменов

27 Шілде 2021, 12:07
2445
Бөлісу:
Биыл ауыл әйелдеріне 16 грант бөлінеді – Сүлейменов

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Жасыл» экономика және G-Global-ды дамыту Коалициясы» ЗТБ атқарушы директоры Асхат Сүлейменов «Әйелдердің ауыл шаруашылығының дамуына қосар үлесі» атты Батыс Қазақстан өңірлерінің аймақтық форумында айтты.

Жақында «Ауыл әйелдерінің 100 жетістігі» кітабы жарыққа шығады. Ол әкімдіктерге тегін таратылады. Сондықтан да әрбір облыстан жетістіктің тарихы жарияланады. Қазан айында республикалық «Ауыл әйелдерінің форумына» дейін таратуды көздеп отырмыз,- деді Сүлейменов.

Ол атағандай, биыл да ауыл әйелдері арасында байқау өткізіледі.

Тұрақты дамудың 17 мақсаты бар. Осы мақсат аясында жұмыс істеп жатқан әйелдерді қолпаштап, қолдауға әзірміз. Биыл да әйелдерге 16 грант бөлінеді. Сондықтан ауыл әйелдерін белсенді қатысуға шақырамыз, - деді ол.

Айта кетейік, форум «Жасыл экономика» және G-Global дамыту коалициясы» ЗТБ, Президент жанындағы әйелдер және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі Ұлттық комиссиясы, Халықаралық «Coca-Cola» қоры, Ақтөбе, Атырау, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының әкімдіктерінің қолдауымен өтті.

Бұл Форум республика бойынша жоспарланған 4 аймақтық форумдардың екіншісі. Аймақтық форумдардың қорытындысы бойынша қараша айында IV Республикалық ауыл әйелдерінің форумы өтеді.

Форум Мемлекет басшысы Қ.Ж.Тоқаевтың 2020 жылғы 1 қыркүйектегі «Жаңа жағдайдағы Қазақстан: іс-қимыл кезеңі» атты Қазақстан халқына Жолдауын, 2030 жылға дейінгі Қазақстан Республикасының отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасын іске асыруға ықпал етуге бағытталған.

Өзгелердің жаңалығы