Нұр-Сұлтан қоқысқа толып қалған: Рұқсат етілмеген 100-ден астам үйінді жойылды

27 Шілде 2021, 19:53
2751
Бөлісу:
Нұр-Сұлтан қоқысқа толып қалған: Рұқсат етілмеген 100-ден астам үйінді жойылды
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімдігі қаланың экологиясын жақсарту бойынша жүйелі жұмыс жүргізіп жатыр. Соның ішінде қала аумағында рұқсат етілмеген қоқыс үйінділерін жою және болдырмау бойынша жұмыстар қолға алынған. Жыл басынан бері экологиялық полициямен бірлесіп 100-ден астам рұқсат етілмеген қоқыс орны жойылды. Полигонға 70 мың тоннадан астам қалдық шығарылды.

Қоқысты белгіленбеген орындарға жинап қойғаны және заңсыз түсіргені үшін 1000 құқық бұзушы (құрылыс ұйымдары, кәсіпкерлер және т.б.) әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Құқық бұзушылар iKomek қызметінің арқасында жауапқа тартылады. Бірнеше рет қайталанған жағдайда құрылыс жұмысы тоқтатылады.

Нұр-Сұлтан қоқысқа толып қалған: Рұқсат етілмеген 100-ден астам үйінді жойылды

Жүйелі шаралар бойынша да ауқымды жұмыстар жүргізілуде: биыл «Солтүстік жотасы» карьерін одан әрі рекультивациялай отырып, құрылыс қалдықтарын жинауға және өңдеуге арналған алаң жұмысы іске қосылады. Алаңда кірпіш, асфальт, бетон қалдықтары және т.б. сияқты құрылыс қалдықтарын қайта өңдейтін ұсату кешенін орнату қарастырылған. Сонымен қатар, мысалы, құрылыс қалдықтарының 50%-ын қиыршық тасқа, 10-15%-ын арматураға және т.б. өңдеуге болады.

Сондай-ақ, қоқыс өңдеу зауытын жаңғырту жұмыстары жалғасуда. Бұл кәсіпорын қуатын екі есеге – жылына 250 мың тоннадан 450 мың тоннаға дейін арттыруға мүмкіндік береді.

Нұр-Сұлтан қоқысқа толып қалған: Рұқсат етілмеген 100-ден астам үйінді жойылды

Бұдан басқа, қатты тұрмыстық қалдықтарды жеке жинау үшін қала бойынша арнайы контейнерлер, сондай-ақ құрамында сынабы бар шамдарды жинауға арналған арнайы контейнерлер орнатылды. ТҚҚ өңдеу деңгейі 75%, қайталама шикізатты алу – 17% көрсеткішіне жетті.

Экологияны жақсартуда қаланы газдандыру, жаппай көгалдандыру, желіге электр автобустарын қосу және т.б. маңызды рөл атқарады.

 


Өзгелердің жаңалығы