Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Садақ атудан Қазақстан командасының мүшесі Денис Ганькин Токио Олимпиадасындағы екінші кездесуінде ұтылып қалды. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.
Денис Ганькин бірінші кезеңде Египет спортшысы Юсуф Толбаны 6:4 есебімен ұтқан болатын.
Алайда, екінші айналымда италиялық Мауро Несполиден 2:6 есебімен жеңілді.
Осылайша, Ганькин Олимпиаданы аяқтады. Енді Қазақстан сапынан Ильфат Абдуллин мен Санжар Мұсаев сынға түседі.
Ал командалық бәсекеде Қазақстан Үндістан құрамасына жол бергенін естеріңізге саламыз.