Қыркүйектен бастап оқытылатын Әліппенің ерекшелігі айтылды

27 Шілде 2021, 15:53
4555
Бөлісу:
Қыркүйектен бастап оқытылатын Әліппенің ерекшелігі айтылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясының президенті Ғани Бейсембаев жаңа оқу жылында қайта оқытылатын Әліппе пәнінің өзгешелігі туралы баяндап берді.

Өздеріңізге мәлім, Мемлекет басшысының тапсырмасымен «Білім туралы» заңға өзгерістер енгізілді. Заңда оқушылардың оқу жүктемесін жеңілдету мәселесі, сондай-ақ мұғалімдердің 18 сағаттық оқу жүктемесін 16 сағатқа ауыстыру мәселесі қаралды. Оқу жүктемесі 1-11-сыныптар аралығында жүргізілді. Дегенмен аса көп айырмашылық жоқ, - деп айтты Ғани Бейсембаев.
Ол енгізіліп отырған типтік оқу жоспарларындағы өзгерістерге жеке тоқталып өтті.
1-сыныптағы бұған дейінгі 24,5 сағат жүктеменің орнына 22,5, 2-сыныпта 26 сағаттың орнына 25, 3-4 сыныптарда 29 сағаттың орнына 27-ге дейін қысқартылды, - деп түсіндірді академия президенті сағат жүктемесі жайында.
Биылдан бастап Әліппе оқулығының қайтарылуына байланысты оқу бағдарламасы әзірленді.
Әліппе пәнінің мазмұнын құру А.Байтұрсынұлының ұстанымдары негізінде енгізіледі. Бұл Әліппенің өзгешелігі – дыбыспен жаттығу, әр дыбыстың сөз жасаудағы қызметін есепке алу, оңайдан қиынға, күрделіден жеңілге өту, білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу. Оқу жүктемесі аптасына 6 сағат, І жартыжылдықта 96 сағат, - деді ол.
Айта кетейік, Ғани Бейсембаев биылғы оқу жылында қандай өзгешеліктер болатынын айтып берді.
Өзгелердің жаңалығы