Все новости за 28 шілде 2021
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Ақтөбеде жол апатынан 9 адам зардап шекті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан автокөлік жүргізушісі мен сегіз жолаушы зардап шекті, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Қалың қалай, бастауыш ұйым?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Қалың қалай, бастауыш ұйым?» акциясы аясында Кәсіподақтар федерациясы төрағасының бірінші орынбасары Мұхтар Тінікеев «ТЭРРА» шаруа қожалығы жұмысшыларының бастауыш кәсіподақ ұйымының кәсіподақ активімен кездесті.
-
Ақтөбе облысында сотталғандардың 94%-ы жұмыспен қамтылған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысында Пробация қызметінде есепте тұрған сотталғандардың 94 пайызы жұмыспен қамтылған деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Жапонияда аптап ыстық салдарынан 8122 адам ауруханаға түсті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жапонияда аптап ыстыққа байланысты бір аптада 8 мыңнан аса адам ауруханаға түсті.
-
Қарағандыда ер адам дүкеннен 30 мың теңге жымқырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағандыда дүкеннен ақша ұрлаған ер адам ұсталды деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Токио-2020: Олимпиададан жүлде алған жетісулықтар елге оралды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токио Олимпиадасының жүлдегерлері Игорь Сон мен Зүфлия Чиншанлоны жерлестері Алматы әуежайынан салтанатты түрде күтіп алды деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметі.
-
Ауғанстан мен Ирак – ШЫҰ Қорғаныс министрлерінің назарында
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің Қорғаныс министрі, генерал-лейтенант Нұрлан Ермекбаев Душанбе қаласында өтіп жатқан Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер қорғаныс ведомстволары басшыларының кеңесі шеңберінде Қытайдың Қорғаныс министрі, генерал-полковник Вэй Фэнхэмен кездесті, сондай-ақ, іс-шараға қатысқан қорғаныс ведомстволарының басшыларымен келіссөздер жүргізді.
-
Душанбеде ШЫҰ Қорғаныс министрлерінің кеңесі болып өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Душанбе қаласында Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттер қорғаныс министрлерінің кеңесі болып өтті.
-
Керек кеңес: медициналық қызметпен қамту жөнінде жиі қойылатын 7 сауалға жауап
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалына тұрғындар тарапынан түсетін сұрақтар легі толастаған емес. Қор тұрақты түрде тұрғындармен кері байланыста жұмыс жүргізіп отырады, деп хабарлайды дейді «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының баспасөз қызметі.
-
Жамбыл облысында көпбалалы ана сабыннан кәдесый дайындап, сатып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жамбыл облысы Сарыкемер ауылының тұрғыны, 4 баланың анасы Ақерке Нұрышова әтір сабын және сәбилерге арналған табиғи таза сабынды үй жағдайында жасап, шығара бастады. Бұл істі ол биыл ақпан айында қолға алыпты деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.
-
Неміс халқының 50%-дан астамы вакцинаның екі компонентін алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Германия тұрғындарының жартысынан көбі коронавирустық вакцинаның екі компонентін алды. Бұл туралы сәрсенбіде Германияның Денсаулық сақтау министрі Йенс Спан Twitter-де хабарлады.
-
Климаттың ауыл шаруашылығына әсері қандай?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Климаттың өзгеруінің ауыл шаруашылығына әсерін Ауыл шаруашылығы бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров Германия федералдық министрлігі жанындағы парламенттік статс-хатшысы Уве Файлермен «Германия мен Қазақстан арасындағы аграрлық азық-түлік секторы саласындағы ынтымақтастық туралы екіжақты консультациялар«»бейнеконференция барысында талқылады.
-
Елордалықтар КВИ бойынша call-орталықтарға хабарласа алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда тұрғындарына арнап коронавирустық инфекция мәселесі бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарының жанынан колл-орталық құрылды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Ахуал күрделі, бірақ бақылауда – Алматы әкімі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев «Алматы» телеарнасындағы Akimat Live бағдарламасының тікелей эфирінде эпидемиологиялық ахуалдың күрделенуі және КВИ дертінің асқынуы туралы хабарлады, вирустың таралуына қарсы тұру үшін қалалықтарды белсенді түрде вакциналануға шақырды.
-
Қостанайда да карантин талаптары күшейтіліп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қостанайда коронавирус індетіне қарсы күрес бойынша санитарлық талаптарға өзгерістер енгізілді. Енді нысан иелері бұл шектеуге немқұрайлы қарамауы тиіс.
-
ҮЕҰ академиясы қоғам белсенділерін тегін оқудан өтуге шақырады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҮЕҰ академиясы қазақстандық үкіметтік емес ұйымдардың өкілдерін оқытуды жалғастырып жатыр.
-
Украинада тұрғын үйге ұшақ құлады: 4 адам қаза тапты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Украинаның Ивано-Франковск облысында жеке тұрғын үйге жеңілмоторлы спорттық ұшақ құлап, төрт адам қаза тапты деп хабарлады 24.kz.
-
Қандай нысандарға Ashyq жүйесіне кірмей жұмыс істеуге болады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингі барысында ҚР ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова хабарлады. Оның айтуынша, бизнесте адамдар көп шоғырлануымен байланысты емес нысандар бар.
-
Ғиният қандай орындарда қосымша стационар жасақталатынын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
-
Токио-2020: Арманымыз әлі де алда – Абылайхан Жүсіпов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бокстан Қазақстан командасының мүшесі Абылайхан Жүсіпов Токио Олимпиадасындағы сәтсіздіктен соң жанкүйерлерге жазба арнап, әлеуметтік желісіне жариялады.
-
Ақтөбе әуежайында цифрлық құжаттар қызметі іске қосылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазіргі уақытта цифрлық құжаттар қызметі пилоттық режимде Нұр-Сұлтан және Алматы қалаларының әуежайларында іске қосылған.
-
Министр Цой Қырғызстанға неліктен қазақстандық вакцинаның жіберілгенін айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингі барысында ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады.
-
Жамбыл облысында вакцина өндіретін зауыт жұмыс істеп жатыр – Цой
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
-
Токио-2020: Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина туралы не білеміз?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елена Рыбакина 1999 жылы 17 маусымда Мәскеуде дүниеге келген. Оның туған сіңлісі Анна екеуі кішкентай кезінде көркем гимнастикамен және мәнерлеп сырғанаумен айналысқанды ұнатқан. Әкесі 6 жасында алғашқы рет теннис алаңына әкеліп, үлкен спорт түрімен таныстырған. Ракеткамен доп қуалайтын ойын Еленаның көңілінен шығып, бала кезінен тенниске деген қызғушылығы артқан.
-
Мектептерде Ashyq жүйесі енгізіле ме? Есмағамбетова жауап берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР ДСМ Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
-
Шектеулерге қарамастан жиын-той өткізу инфекцияны ушықтыруда – ДСМ өкілі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз брифингі барысында ҚР Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният айтты. Оның айтуынша, эпидемиологиялық жағдайдың ауырлығына қарамастан, халық той-томалақ, ас-садақа өткізулерін жалғастыруда.
-
Дүйсенбіден бастап елімізде жаңа ережелер күшіне енеді – Цой
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. Оның айтуынша, Ashyq жобасына қатыспайтын нысандар мен ұйымдар жұмыс істей алмайды.
-
Рыбакина: Мен жеңіске жетем деген оймен шықтым
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Теннистен Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина ширек финалда испандық Гарбинье Мугурусаны жеңіп, Олимпиаданың жартылай финалына шықты.
-
Ashyq жүйесінде жауапты жұмыс істеген кәсіпкерліктердің уақыты ұзартылады – Мырзахметов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
-
Ashyq: «Қызыл» және «сары» мәртебесі бар 23 мыңнан астам адам анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг кезінде айтты.
-
Цой барлық аймақта вирус жұқтырғандар санының артқанын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг кезінде айтты.
-
Вакцинация мен ПТР құжатын қолдан жасау: 86 қылмыстық іс қозғалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Ішкі Істер министрінің орынбасары Арыстанғани Заппаров ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
-
Жыл басынан бері карантинге қарамастан 2 мың той жасалған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Ішкі Істер министрінің орынбасары Арыстанғани Заппаров ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
-
Цой өлім көп тіркелген аймақтарды атады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.
-
Қазақстан «қызыл» аймақта тұр – Цой
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг кезінде айтты.
-
СOVID-19: Ақмола облысында 930 млн теңгенің дәрі-дәрмегі сатып алынды
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Өңірде коронавирус жұқтырғандарды емдеу үшін дәрі-дәрмек қоры жеткілікті. Осы мақсатқа 930 млн теңгеің қосымша 88 түрлі препарат сатып алынды.
-
Қарағанды облысында молда 14 жастағы қызды зорлап келген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұрын молда болған ер адам жасөспірім қызды зорлағаны үшін 20 жылға сотталды.
-
Қырғызстанға «QazVac» қазақстандық вакцинасының 25 мың дозасы жеткізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Қырғызстанға COVID-19 пандемиясымен күрестегі ынтымақтастық шеңберінде Қазақстаннан «QazVac» инактивтендірілген вакцинасының 25 000 доза көлемінде ізгілік көмек жеткізілді.
-
ШҚО-да арнаулы мектептен қашқан тәрбиеленушілер көлік ұрлаған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ШҚО-да арнайы мектептен қашып кеткен тәрбиеленушілер тұрғынның көлігін айдап әкетті, деп хабарлады Polisia.kz.
-
Қалалардың үстінен ұшақтар дезинфекция жүргізеді – фейк
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. WhatsАpp мессенджерінде Қазақстанда 24 шілде мен 4 тамыз аралығында COVID-19 өршиді деген ақпарат тарап жатыр.
-
Токио-2020: Алексей Луценко велоспорттан топ-30 қатарына ене алмады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Токиода велоспорттан ерлер арасындағы бәсеке толық аяқталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлердің тізімі анықталды.
-
Қытай Шри-Ланкаға коронавирусқа қарсы вакцина жіберді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайдан COVID-19 вирусына қарсы вакциналардың ең үлкен партиясы Шри-Ланкаға жеткізілді.
-
«Қазақстан мұғалімі – 2021»: 30 мұғалімге 1,2 млн теңгелік грант беріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ басқарма төрағасы Лима Диас айтты.
-
Токио-2020: Елена Рыбакина сенсанция жасап, жартылай финалға шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина Токио Олимпиадасының жартылай финалына жолдама алды. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.
-
Вакцина алмағандардың иммунитеті вирустың мутациясына бейім
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз брифингі кезінде №5 қалалық емхананың бөлім меңгерушісі Гүлзат Байзақова хабарлады.
-
Вакцина алмағандардың 98%-ы ковидті реанимацияға түсуде – дәрігер
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз брифингі кезінде №5 қалалық емхананың бөлім меңгерушісі Гүлзат Байзақова хабарлады. Оның айтуынша, Алматының инфекциялық стационарларында 3943 адам емделіп жатыр.
-
«Қазақстан мұғалімі» сыйлығы педагогтар үшін қосымша ынталандыру болады – Іргебаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Әлем мұғалімі» жаһандық сыйлығы аясында өтетін «Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығының бас серіктесі жобаның маңыздылығын түсіндірді.
-
Теміртауда жол апатынан әкесі мен баласы қаза болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Теміртауда апат салдарынан әкесі мен баласы қаза болды.
-
Германиядағы химиялық зауыттағы жарылыс: Балаларға далада ойнауға тыйым салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Германияның Леверкузен қаласындағы химиялық зауытта болған жарылыстан кейін билік халыққа далаға шықпау жөнінде өтініш айтқан, деп жазады iz.ru.
-
Дәрігер: Бауыр циррозында дұрыс тамақтану – пациентті қолдаудың маңызды компоненті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Цирроз ауруы кезінде бауыр тіндері бұзылады, бауырдың қалыпты тіндері тыртық тіндермен ауыстырылады, бауыр құрылымы бұзылады. Ағза өзінің функцияларын еңсере алмай қалады. Осыған байланысты, бауыр циррозында дұрыс тамақтану, диетаны сақтау пациентті қолдаудың маңызды компоненті болып табылады. Ол науқастың өмір сүру сапасын жақсартуға және асқынулардың дамуын тоқтатуға мүмкіндік береді.
-
Қазақстан Қырғызстанға 25 мың доза QazVac вакцинасын жіберді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан отандық QazVac вакцинасының 25 мың дозасын Қырғызстанға жіберді.
-
Теміржанов: Жанкүйерлердің үмітін ақтай алмағаным үшін кешірім сұраймын
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бокстан 57 келіге дейінгі салмақта ел намысын қорғаған Серік Теміржанов Токио ойындарындағы жеңілісіне қатысты өз пікірін білдірді, деп жазды Olympic.kz.
-
«Қазақстан мұғалімі» жеңімпазына ақшалай сыйақы беріледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. «Әлем мұғалімі» жаһандық сыйлығы аясында өтетін «Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығының жеңімпазына қанша қаражат берілетіні айтылды. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен брифингте «Қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қоры» ЖҚ төрағасы Ермек Мәжитов айтты.
-
Елордада бір тәулік ішінде карантин талаптары 15 мекемеде бұзылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорданың мониторингтік топтары кәсіпкерлік субъектілері арасында карантин бұзушыларды анықтауды жалғастыруда. Мәселен, 27 шілдеде шектеу шараларын сақтамаған 15 мекеме анықталды, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайты.
-
«Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығына қатысуға өтініштер қабылданып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ОКҚ алаңында өткен брифингте «Қоғамдық маңызы бар бастамаларды дамыту қоры» ЖҚ төрағасы Ермек Мәжитов «Әлем мұғалімі» жаһандық сыйлығы аясында «Қазақстан мұғалімі» ұлттық сыйлығын іске асыру барысы туралы айтып берді.
-
Дивергенция институты кәмелетке толмағандардың ісін жүгінусіз шешуді көздейді
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қоғамда орын алып отырған кейбір келеңсіздіктер өзекті өртейді. Әсіресе, жасөспірімдер арасындағы қылмыстың жылдан-жылға көбеюі алаңдатпай қоймайды. Сондықтан да Жамбыл облыстық кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының төрағасы Ербол Дүйсенбаевпен әңгімелескен едік.
-
Қызылорда облысында азық-түлiк қоpы жеткiлiктi
Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. Қызылорда облысында әлеyметтiк дүкендерде, бұрыштаpда әлеyметтiк маңызы баp азық-түлiк таyарлары нарықтағы бағадан төмен сатылып жатыр. Бүгінде өңірдегі сауда орындарында азық-түлiктің қоры жеткiлiктi.
-
#Желмая. Қазақ спортының бүгінгі әлеуеті көңіл көншіте ме?
Жамбыл облысы, BAQ.KZ. «Желмая» жобасының кезекті қонағы – «Қазақстан барысы» турнирінің үш дүркін жеңімпазы, спортшы Бейбіт Ыстыбаев.
-
Елордада Әбдіжәміл Нұрпейісовтің құрметіне халықаралық онлайн конференция өтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мәдениет және спорт министрлігінің ұйымдастыруымен ҚР Ұлттық академиялық кітапханасыда қазақ әдебиетінің біртуар азаматы Әбдіжәміл Нұрпейісовтің құрметіне «Ә.Нұрпейісов шығармашылығы және әлемдік әдеби үдеріс» атты халықаралық деңгейдегі онлайн конференция өтті.
-
Нұр-Сұлтанда вакцинацияланғандар арасында ойнатылатын жүлделер саны артты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтанда вакцинацияланғандар арасында апта сайын бағалы сыйлықтар ойнатылады. Тағы екі iPhone12 және басқа да бағалы сыйлықтардың төртінші ұтыс ойыны 31 шілде (сенбі) күні Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің әлеуметтік желілердегі (Facebook, YouTube) парақшаларында тікелей эфирде өтеді.
-
Вакцина салдырған соң коронавирус жұқтырғандардың үлесі 1-2% – дәрігер
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында №5 Қалалық аурухананың жалпы тәжірибелік дәрігерлер бөлімінің меңгерушісі Гүлзат Байзақова айтты. Дәрігердің айтуынша, емдеу хаттама бойынша жүргізіледі.
-
Вакцина салдырған соң қалай күтінген дұрыс?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында №5 қалалық аурухананың жалпы тәжірибелік дәрігерлер бөлімінің меңгерушісі Гүлзат Байзақова айтты. Дәрігердің айтуынша, вакцина салдырған соң белгілі бір ережелерді сақтаған дұрыс.
-
Қостанай облысында жедел-жәрдем қызметкеріне қылмыстық іс қозғалған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Қостанай облысы бойынша департамент басшысы Қуаныш Бекбасов «Antikorlive» жобасы аясындағы брифингте айтты.
-
Токио-2020. Бекзад Нұрдәулетов Токио Олимпиадасындағы алғашқы жекпе-жегінде жеңілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бокстан Токио Олимпиадасында Қазақстан командасының үздігі Бекзад Нұрдәулетов жеңіліп қалды деп хабарлайды Olympic.kz.
-
Сауалнама. Сенімді досыңыз бар ма?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 9 маусым – Халықаралық достар күні! ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты, қазақстандықтардың сенімді достары бар ма, жоқ па деген сұраққа жауаптарын ұсынады.
-
Елде көкөніс пен жемістің бағасы шарықтап тұр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бір ай ішінде Қазақстанда көкөністер мен жемістер тағы 8%-ға қымбаттады, деп хабарлайды Еnergyprom.kz.
-
ШҚО-да миллион шаршы метр тұрғын үй салынды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Аймақ басшысы әлеуметтік-мәдени нысандар мен әлеуметтік тұрғын үйлердің құрылысы бойынша кезекті рет кеңес өткізді. Іс-шара барысында Даниал Ахметов биыл Шығыс Қазақстан облысында алғаш рет бір уақытта 30-ға жуық жаңа әлеуметтік-мәдени нысан салынатынын атап өтті.
-
Токио-2020: Серік Теміржанов Токиодағы Олимпиада ойындарын аяқтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бокстан Қазақстан командасының мүшесі Серік Теміржанов Токиодағы Олимпиада ойындарын аяқтады деп жазады Olympic.kz.
-
Елімізде 5,2 млн-нан астам адам вакцина салдырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДСМ 28 шілдекүнгі деректер бойынша өңірлерде КВИ-ға қарсы вакцинациялау жүргізу туралы ақпаратты жариялады.
-
Қазақстандық 10 кәсіпорын Сауд Арабиясына бал экспорттайды – АШМ
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздің агроөнеркәсіп кешені саласындағы 2975 кәсіпорын өнімдерін Еуразиялық экономикалық одақ, Еуропалық Одақ, Қытай Халық Республикасы, Корея Республикасы, Өзбекстан Республикасы, Біріккен Араб Әмірліктері, Жапония, Түркия және Сауд Арабиясы елдеріне еркін өткізеді.
-
Салық кодексіне қандай өзгерістер енгізілген?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Салық кодексіндегі жаңашылдықтар алдын алу шараларын қарастырып, заңды және жеке тұлғалардың салық төлеуін жеңілдетуге бағытталған. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Токио-2020: Боксшы Надежда Рябец бірінші кездесуінде ұтылып қалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токио Олимпиадасында әйелдер боксынан Қазақстан намысын қорғаған Надежда Рябец бірінші кездесуден соң жарысты аяқтады деп жазады Olympic.kz.
-
Екпенің індетті тоқтататын маңызды құрал екенін ұғынатын уақыт жетті – Қалиев
Жамбыл облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бір жарым жылдан бері бүкіл әлем жұртшылығы әдеттегі өмір салтын өзгерткен коронавирустық инфекцияның пандемиясымен күресу үстінде. Дүниежүзіндегі миллиондаған отбасылар вирустық инфекциядан зардап шекті.
-
Токио-2020. Баландин Олимпиада ойдындарының финалына шыға алмады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық спортшы ерлер арасында 200 м қашықтықты брасс әдісімен жүзуден финалға шыға алмады, деп хабарлайды, Olympic.kz.
-
COVID-19. Түркістан облысы «сары» аймақта
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 26 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
-
КВИ мен пневмониядан 92 адам көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДСМ коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 28 шілдедегі ақпаратты жариялады.
-
Коронавирус пневмониясынан 11 адам қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 26 шілдеде коронавирустық инфекция белгілері бар пневмонияның 324 жағдайы және 11 өлім жағдайы тіркелді. Оған қоса 97 адам емделіп шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
Токио-2020: Ислам Бозбаев Токио Олимпиадасында екінші кезеңнен сүрінді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстандық дзюдошы Ислам Бозбаев Токио Олимпиадасында екінші айналымда жеңіліп қалды, деп хабарлайды Olympic.kz.
-
Эпидемиологиялық жағдай: бағалау матрицасы жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 28 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды, деп хабарлайды COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК баспасөз қызметі.
-
Өткен тәулікте 5096 адам коронавирустан емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде өткен тәулікте 5096 адам коронавирустан емделіп шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
Елімізде өткен тәулікте 6925 адам вирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 6925 адамнан ПТР арқылы коронавирус анықталды, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
Токио-2020: Садақшы Санжар Мұсаев Токио Олимпиадасын аяқтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токиода садақ атудан ерлер арасында жекелей жарыстар өтіп жатыр, деп хабарлайды Olympic.kz.
-
Жалағаш кенті табиғи газға қосылды – Қызылорда облысы
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Биыл Жалағаш ауданында жүзеге асқан үлкен жобаның бірі – Жалағаш кентінің газдандыру жұмыстары толық пайдалануға берілді, деп хабарлайды Қызылорда облысы әкімдігінің ресми сайты.
-
Қазақстанда Linkedіn әлеуметтік желісі бұғатталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздегі іскерлік байланыс орнату және жұмыс іздеуге арналған Linkedіn әлеуметтік желісі бұғатталды. 26 шілдеде кешке қолданушылары әлеуметтік желіге кіре алмағанын айтып, шағымдана бастаған.
-
АҚШ мемқызметкерлерге COVID-19 вакцинасын міндетті салғызуды жоспарлауда
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Байденнің әкімшілігі мемлекеттік қызметкерлерге COVID-19-ға қарсы міндетті вакцинация жасауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды РИА Новости.
-
Коронавирус: ІІМ әуежай мен темір жол вокзалдарында тексерісті күшейтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ішкі істер министрлігі жалған ПТР-анықтамасы мен вакцина төлқұжатын (паспорт) анықтау бойынша жұмысты күшейтті, деп хабарлайды inbusiness.kz.
-
Францияда вакцина мен санитарлық құжатты міндеттейтін құжат қабылданды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Францияда денсаулық сақтау саласының қызметкерлерін коронавирусқа қарсы вакцина алуға міндеттейтін заң қабылданды, деп хабарлайды «Хабар 24».
-
Ақтөбе облысында бір тәулікте полицияға 44 адам жеткізілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысында бір тәулік ішінде полицияға 44 адам жеткізілді, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
«Ақтөбе – Нөкіс» бағытында жаңа әуе қатынасы ашылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин Өзбекстан Республикасының көлік министрі Илхом Махкамовпен кездесті, деп хабарлайды Үкімет басшысының ресми сайты.
-
ДДСҰ электронды темекінің таралуын азайтуға шақырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) жаһандық қоғамдастыққа электронды темекіге қоса электронды никотинді жеткізу жүйесі (ENDS) нарығын реттеуді күшейтуді ұсынды. Бұл туралы ұйымның есебінде айтылады, деп хабарлайды RT.
Наверх