Ғиният қандай орындарда қосымша стационар жасақталатынын айтты

28 Шілде 2021, 18:28
2299
Бөлісу:
Ғиният қандай орындарда қосымша стационар жасақталатынын айтты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

Бүгінгі таңда елімізде 46 мың 645 төсек-орын бар. Қосымша орындардың қоры да қарастырылған. Қонақүйлерде төсек-орын ашу өте аз. Елордада «Рамада Плазада» 200 төсек-орын болған. Қазір қосымша 100 орын ашу жоспарланған. Онда орташа деңгейдегі науқастар жатқызылады, - деді ол.

Ғиният айтқандай, ауруханаларда өзге дерт бойынша түсетін науқастарға кедергі келтірмес үшін қосымша орындар ашылады.

Қазір медициналық емес нысандарда орын ашуды көздеп отырмыз. Алматыда «Алматы аренада» қосымша орындар ашу қарастырылған. Ол осыған дейін өзінің тиімділігін көрсетті. Онда 8 жансақтау орнын ашу қарастырылып отыр. Бұл медициналық емес орындар халық көп шоғырланған орындарда ашылып жатыр. Қазір республика бойынша ауруханалардың 53 пайызында, жансақтау бөлімінің 43 пайызында науқастар жатыр, - деді ол.

Ғиният өзге өңірлерде әзірге мұндай шаралар қарастырылмағанын айтты.

Өзгелердің жаңалығы