Салық кодексіне қандай өзгерістер енгізілген?

28 Шілде 2021, 09:42
3315
Бөлісу:
Салық кодексіне қандай өзгерістер енгізілген?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Салық кодексіндегі жаңашылдықтар алдын алу шараларын қарастырып, заңды және жеке тұлғалардың салық төлеуін жеңілдетуге бағытталған. Бұл туралы Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

Осылайша, жаңа өзгерістерге сәйкес, салық төлеушілерді салық міндеттемелерінің болуы туралы хабардар ететін болады. Ол үшін азаматтар салық органына өзінің телефон нөмірлері және электрондық пошта мекенжайы туралы мәліметтер ұсына алады.

«Е-SalyqBusiness» мобильді қосымшасын қолдану кәсіпкерлердің салық міндеттемелерін орындауын оңайлатады. Қосымша жеке кәсіпкер ретінде онлайн тіркелу, салықтар мен әлеуметтік төлемдерді есептеу, аталған арнайы салық режимін қолданатын тұлғалар үшін СЕН ұсынуды жоюға мүмкіндік береді.

Сондай-ақ, салық берешегі 6 АЕК (17 502 теңге) мөлшерінен асқан жағдайда ғана шоттар бұғатталады. Одан төмен шоттарға тыйым салу шаралары қолданылмайды.

Екінші деңгейдегі банктерге салық органының салық төлеушінің банк шоттары бойынша шығыс операцияларын тоқтата тұру туралы өкімі кері қайтарып алынғанға дейін берешек өтелген жағдайда шот бойынша шығыс операцияларын жүргізу құқығы берілді, - делінген хабарламада.

Ал онлайн БКМ чегінде алушының ЖСН/БСН көрсетілуі шағын бизнес субъектілері үшін қосымша ауыртпалықтарды болдырмау мақсатында көзделген. Мысалы, ҚҚС төлеуші болып табылмайтын жеке кәсіпкер азаматтық-құқықтық мәмілелер бойынша 1 000 АЕК (2,9 млн теңге) астам сомаға ЭШФ жазып берудің орнына сатып алушыға онлайн БКМ-ның осындай чегін ұсына алады. Сатып алушыға онлайн БКМ чегін ұсыну шартымен шағын кәсіпкерлік субъектілері мен тауарларды бөлшек саудада өткізетін тұлғалардың ЭШФ жазып бермеуі 2022 жылдан бастап ЭШФ жазып беру жөніндегі талаптарды алып тастауға байланысты көзделген.

Сондай-ақ жаңа негізгі қорларға қайта инвестициялауға бағытталған кіріс корпоративті табыс салығынан босатылады. Аталған шара инвестициялық ахуалды жақсарту және өңдеуші өнеркәсіпті дамытуды көздейді, осылайша өңдеуші өнеркәсіптің шағын кәсіпкерлік субъектілері өндірісті дамытуға қайта инвестицияланатын пайдадан КТС төлемейді (өндірістік мақсаттағы ғимараттар мен құрылыстарды сатып алу немесе салу).
Топішілік қарыздар бойынша сыйақыларды төлеуге арналған шығыстарды шегерімге жатқызу еншілес ұйымдар ұлттық бас компаниядан алған қарыздар бойынша сыйақылар бойынша шығыстарды шегерімге жатқызу құқығын беру мақсатында көзделген.

Салық кодексінде қарастырылған өзгерістер төмендегідей:

- «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мақта саласы мәселелері бойынша өзгерістер енгізу және «Мақта саласын дамыту туралы» заңның күші жойылды деп тану туралы» заңның қабылдануына байланысты Салық кодексінің нормаларын мақта саласы туралы заңнамамен сәйкес келтірілген;
- әлеуметтік кәсіпкерлікті ынталандыру мақсатында әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің КТС бойынша салық салынатын табысын осындай субъектімен еңбек қатынастарында тұрған халықтың әлеуметтік осал санаттарын оқытуға, біліктілігін арттыруға немесе қайта даярлауға жұмсалған шығыстар мөлшерінде азайту, бірақ салық кезеңінде бір қызметкерге тиісті қаржы жылының 1 қаңтарына қолданыста болатын АЕК-тің 120 еселенген мөлшерінен аспайтын мөлшерде азайту көзделген;
- жаңа өндірістерді құруды ынталандыру, сондай-ақ өңдеуші өнеркәсіпке инвестицияларды ұлғайту мақсатында өңдеуші өнеркәсіпте өнім өндіру жөніндегі қызметті жүзеге асыру нәтижесі болып табылатын тауарларды өткізу кезінде жаңа өндірістік компаниялар үшін ҚҚС бойынша (70%) қосымша есепке алуды қолдану көзделген;
- ауыл шаруашылығы техникасын 12% - ға арзандату және оның қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында «Qyzyljar» АЭА импортына ҚҚС-тан босатуды көзделген;
- ЕАЭО елдерінен белгілі бір тауарларға бақылау бағасының ең төменгі деңгейін қолдану әкелінетін тауарлардың құнын төмендету фактілерінің алдын алуға ықпал ететін болады және өзекті салық салынатын базадан ҚҚС алуға мүмкіндік береді, шара отандық тауар өндірушілерді қолдауға және қорғауға бағытталған, өйткені қазақстандық экспортты кемсітетін елдерге қатысты айна шараларын қолдануға мүмкіндік береді;
- егер әлеуметтік кәсіпкерлік субъектісі Салық кодексінің 521-бабы 2, 3, 4 және 5-тармақтарының бірнеше ережелеріне сәйкес келсе, әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің мүлік салығы бойынша 0,5% төмендетілген ставканы қолдануы және ең төменгі салық мөлшерлемелерінің бірін қолдануда таңдау құқығы берілді. Өзгерістер белгілі бір нысаналы топтар өкілдерінің кәсіпкерлік қызметке қолжетімділігін қамтамасыз етуді көздейді;
- қоғамдық тамақтандыру саласында жұмыс істейтін кәсіпкерлерге 2 жылға (2023 жылдан 2025 жылға дейін) айналымнан бөлшек сауда салығын 6% салық ставкасын белгілей отырып қолдану құқығы берілді. Бұл шара қоғамдық тамақтандыру саласы үшін салық жүктемесін жеңілдетуді көздейді;
- шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді енгізуге байланысты санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге бағытталған қызметкерлердің пайдасына жұмыс берушінің шығыстарын КТС есептеу кезінде шегерімге жатқызу, сондай-ақ осы шығыстарды қызметкердің табысы деп есептемеу;
- крипто валюталарын өндіру саласын заңнамалық реттеу, сондай-ақ майнингтен бюджет түсімдерін ұлғайту мақсатында цифрлық майнинг үшін төлем енгізілді;
- шектеу шаралары кезеңінде қосарланған салық салуды болдырмау мақсатында резиденттік сертификатын ұсыну мерзімін 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылды. Себебі шет елдерде карантиндік шараларды енгізілгендіктен, құжаттарды ұсыну қиын;
- пандемия салдарынан неғұрлым зардап шеккен салаларда кәсіпкерлік субъектілерін қолдау мақсатында 2021 жылғы 1 сәуір мен 1 шілде аралығында еңбекақы төлеу қорынан ЖТС және әлеуметтік салық төлеуді кейінге қалдыру көзделген.

Өзгелердің жаңалығы