Сауалнама. Сенімді досыңыз бар ма?

28 Шілде 2021, 11:03
2982
Бөлісу:
Сауалнама. Сенімді досыңыз бар ма?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 9 маусым – Халықаралық достар күні! ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты, қазақстандықтардың сенімді достары бар ма, жоқ па деген сұраққа жауаптарын ұсынады.

1958 жылы Біріккен Ұлттар Ұйымы мойындағаннан кейін, мереке халықаралық маңызға ие болды. Бұл күні ең маңызды нәрсе достарыңызбен кездесу. Бұл Халықаралық достар күніндегі ең маңызды, әрі жалғыз дәстүр.

Әлеуметтанулық сауалнама барысында қазақстандықтарға «Сіздің өміріңізде сенімді достар болды ма?» деген сұрақ қойылды.

Сауалнамаға қатысушылардың едәуір көпшілігінде (82,8%) достық қарым-қатынастың оң тәжірибесі немесе достарға деген оң көзқарас  бар. Сонымен бірге, респонденттердің жартысынан көбі (62,2%) олардың өмірінде сенімді достар бар деп санайды (бұл топқа көбінесе үлкен жастағы – 30 жастан үлкен респонденттер кіреді), ал әрбір бесінші респондент (негізінен 29 жасқа дейінгі респондент) (20,6%) мұндай адамдар оның өмірінде пайда болатынына сенімді және ол бұл үшін бар күшін салады.

Жас ерекшеліктерінен басқа ешқандай әлеуметтік-демографиялық көрсеткіштер (жынысы, ұлты, тұрғылықты жері, білім деңгейі, кірісі және т.б.) жоқ екендігі қызық, оған сәйкес респон- денттер бұл сұраққа жауаптарымен айтарлықтай ерекшеленетін еді.

Сауалнама. Сенімді досыңыз бар ма?

 



Өзгелердің жаңалығы