Токио-2020: Алексей Луценко велоспорттан топ-30 қатарына ене алмады

28 Шілде 2021, 15:25
2660
Бөлісу:
Токио-2020: Алексей Луценко велоспорттан топ-30 қатарына ене алмады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Токиода велоспорттан ерлер арасындағы бәсеке толық аяқталып, жеңімпаздар мен жүлдегерлердің тізімі анықталды.

Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.

Еліміздің атынан жарыс жолына шыққан Алексей Луценко жекелей сын қорытындысы бойынша 32-орыннан көрінді. Ол 44,2 шақырымды 1 сағат 02 минут 21.67 секундта жүріп өтті.

Луценко жарыс жеңімпазы атанған словениялық спортшыдан 7 минут 17.48 секундқа қалып қойған.

Бұл бәсекеде словениялық Примоз Роглик чемпион атанды. Күміс жүлдені Нидерланд өкілі Том Думулин, қоланы австралиялық Рохан Деннис еншіледі.

Өзгелердің жаңалығы