Қостанайда да карантин талаптары күшейтіліп жатыр

28 Шілде 2021, 19:20
2359
Бөлісу:
Қостанайда да карантин талаптары күшейтіліп жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қостанайда коронавирус індетіне қарсы күрес бойынша санитарлық талаптарға өзгерістер енгізілді. Енді нысан иелері бұл шектеуге немқұрайлы қарамауы тиіс. 

Қостанай облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 28 шілдедегі қаулысына сәйкес, 1 тамыздан бастап Қостанайда Ashyq жобасына қатысатын нысандарды қоспағанда ойын-сауық мекемелері (көрмелер, караоке, бильярд, қорқор, компьютер, түнгі және ойын клубтары, батуттар, балалардың үй жайлардағы ойын алаңдары, аттракциондар және басқалар), банкет залдары мен букмекерлік кеңселердің қызметі тоқтатылады. 

Сондай-ақ Ashyq жобасына қатысатын нысандар толымдылығы 30%-дан аспайтын жағдайда жұмыс режімі 12:00-ден 18:00-ге дейін қызметін жалғастыра алады. Ал банкет залдары сағат 20:00-ге дейін жұмыс істейді, онда тек еске алу кеші мен түскі ас беруге рұқсат.

Демалыс күндері жоғарыда аталған нысандар жұмысын тоқтатады. Сол секілді кинотеатр, театр, мәдениет үйлері, концерт залдары мен филармонияның қызметі Ashyq жобасы арқылы сыйымдылығы 30%-дан аспауы тиіс және көрермендер 2 орын сайын отырғызылуы керек. 

Қоғамдық тамақтану орындарында адамның саны 30-дан аспауы керек, жалпы сыйымдылық - 50%. Олардың жұмыс уақыты сағат 9:00-ден кешкі 20:00-ге дейін, демалыс күндері Ashyq жобасына қатыспайтын қоғамдық тамақтану орындарының жұмысына рұқсат берілмейді. 

Одан бөлек, азық-түлік емес тауарларды, сауда кешендерін, сауда үйлерін, сауда желілерін, 18:00-ге дейінгі азык-түлік емес дүкендерді өткізу бөлігінде сауда-ойын-сауық орталықтарының қызметіне 30%-дан аспайтын толықтырумен рұқсат беріледі.

Ауданы 2000 шаршы метрден асатын объектілердің, оның ішінде демалыс және мереке күндері азык-түлік емес тауарларды өткізетін сауда-ойын-сауық орталықтарының жұмысына тыйым салынады. 

Ойын-сауық нысандарының да жұмыс істеуіне рұқсат етілмейді. 

Ал жабық спорт обьектілерінің (спорт кешендері, спорт мектептері, спорт клубтары, жаттығу залдары, йога орталықтары, спорттық-сауықтыру орталықтары және басқаларды қоса алғанда, фитнес-орталықтар) сағат 20:00-ге дейін істейді, толтырылуы 50%-дан аспауы тиіс.

Осылайша, еліміздің өзге өңірлері секілді Қостанай облысы да карантин талаптарын күшейтіп, тұрғындардың қауіпсіздігіне барынша назар аударып жатыр. 


 

Өзгелердің жаңалығы