Вакцина салдырған соң қалай күтінген дұрыс?

28 Шілде 2021, 11:24
7943
Бөлісу:
Вакцина салдырған соң қалай күтінген дұрыс?

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында №5 Қалалық аурухананың жалпы тәжірибелік дәрігерлер бөлімінің меңгерушісі Гүлзат Байзақова айтты. Дәрігердің айтуынша, вакцина салдырған соң белгілі бір ережелерді сақтаған дұрыс.

Вакцина салдырған соң 3 күн ішінде моншаға түсуге, алкогольдік ішімдік ішуге, күн сәулесінің астында қыздырынуға болмайтын көрінеді.

Өйткені вакцинаның әсері төмендеуі мүмкін. Оның үстіне, вакцинаның І компонентін алған соң шетелге шықсаңыз, ауырып қалу ықтималдылығы жоғары. Екінші компонентті салдырған соң Т-хелперлер иммунитетті толық бекітеді. Одан соң адамда толық иммунитет қалыптасады, - дейді Гүлзат Аманбайқызы.

Сондай-ақ вакцинаның ІІ компонентін алған соң да адамдар көп шоғырланатын ортаға бармай, сақтануға кеңес беріп отыр. Санитарлық-гигиеналық жағдайлардың бәрін сақтап, маска тағып, күтініп жүрген абзал. Дәрігер сонымен қатар коронавирусқа қарсы екпенің І компонентін салдырған соң 100% ауырмаймын деген де қате пікір деп отыр. Сол үшін ІІ компонентті де салдырып, 40 күн бойы күтіну қажет дейді.

Дәрігер ауру ағымын бақылауда ұстау үшін күнделікті талдау жасалынатынын алға тартты.

Өзгелердің жаңалығы