Ақтөбеде жол апатынан 9 адам зардап шекті

28 Шілде 2021, 23:44
1438
Бөлісу:
Ақтөбеде жол апатынан 9 адам зардап шекті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысында жол-көлік оқиғасы салдарынан автокөлік жүргізушісі мен сегіз жолаушы зардап шекті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Өткен тәулікте, таңғы сағат 07.10-да Қарабұтақ кентінің жанындағы «Самара-Шымкент» автожолының 996 шақырымында «Toyota Previa» автокөлігінің жүргізушісі Ырғыз кенті жағынан Қарабұтақ кенті бағытында қозғалып, рөлді басқара алмай, апатқа ұшыраған.

Жол-көлік оқиғасы салдарынан автокөлік жүргізушісі мен сегіз жолаушы зардап шегіп, алған дене жарақатынан Әйтеке би ауданының Орталық аудандық ауруханасына жеткізілді. Жарақат алған жолаушылардың барлығы Өзбекстан Республикасының азаматтары. Жолаушылар Қазақстан Республикасының аумағына Түркістан облысы Сарыағаш қаласының «Жібек Жолы» БӨП арқылы кіріп, Атырау қаласына жұмысқа бара жатқан.

ҚР ҚК 345-бабы 2-бөлігі «Көлiк құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлiк құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы» бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Шілде айында Ақтөбе облысының жолдарында 32 ЖКО орын алды, онда жеті адам қаза тауып, 34 адам түрлі дәрежедегі жарақат алды. Көбінесе апаттың пайда болуына ұқыпсыздық, жол ережелерін сақтамау, жеке қауіпсіздікке және басқа қозғалысқа қатысушылардың қауіпсіздігіне жауапсыздық сияқты адам факторлары ықпал етеді.


Өзгелердің жаңалығы