Вакцина салдырған соң коронавирус жұқтырғандардың үлесі 1-2% – дәрігер

28 Шілде 2021, 11:39
4697
Бөлісу:
Вакцина салдырған соң коронавирус жұқтырғандардың үлесі 1-2% – дәрігер

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Алматы қаласы Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында №5 Қалалық аурухананың жалпы тәжірибелік дәрігерлер бөлімінің меңгерушісі Гүлзат Байзақова айтты. Дәрігердің айтуынша, емдеу хаттама бойынша жүргізіледі.

Сонымен қатар қазіргі уақытта коронавирус инфекциясына шалдығып, стационарға түскен науқастардың барлығы бірдей вакцина алған деп айтуға келмейтін көрінежі. Вакцинаның І немесе ІІ компонентін алғандардың арасында індет жұқтырған саны 1-2% ғана. Ал қалған науқастардың барлығы дерлік вакцина алмағандар деп отыр дәрігер.

Сондай-ақ аурудың симптомсыз түріне шалдыққандар үй жағдайында бақылауда болады. Мобильдік бригада барып, олардың қал-жағдайын біліп, қарап отырады. Симптомды науқастарға стационарлық ем 14 күн бойы жасалады. Екі апта өткен соң ауру ағымына қарай пациент ауруханадан шығарылады немесе емін жалғастырады, - деді Гүлзат Байзақова.

Тағы бір ескеретін жайт, СOVID-19-бен ауырған соң азаматтар 3 айдан соң ғана вакцина салдыруға болады. Егер пациент ауырмас бұрын вакцинаның І компонентін салдырған болса, ІІ компонентті тек 3 айдан соң ала алады.

Естеріңізге сала кетейік, вакцина салдырған соң, қалай күтіну керектігін жазған болатынбыз.

Өзгелердің жаңалығы