Елордалықтар КВИ бойынша call-орталықтарға хабарласа алады

28 Шілде 2021, 19:56
2518
Бөлісу:
Елордалықтар КВИ бойынша call-орталықтарға хабарласа алады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда тұрғындарына арнап коронавирустық инфекция мәселесі бойынша алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету ұйымдарының жанынан колл-орталық құрылды. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Нұр-Сұлтандағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты қызметтің барлық түріне жүктеме түсіп келеді. Жедел жәрдем қызметіне тәулігіне 4 мыңға дейін қоңырау түседі, ал шақыру саны 3 мыңнан асады, оның ішінде КВИ бойынша 300-ге дейін жетеді.

Қала тұрғындарына ыңғайлы болу үшін байланыс телефондары құрылды. Осы арқылы коронавирустық инфекцияға қатысты сұрақтарына жауап ала алады.

Қала тұрғындары тарапынан мобильді топтардың жұмысы, учаскелік дәрігерлерге қоңырау шалу бойынша көптеген өтініш түсті. Қазір денсаулық сақтау мекемесінің әрқайсысына үлкен жүктеме түсіп отыр. Дәрігерлер күніне 3 мыңнан астам науқасты үйінде тексереді. Осыған байланысты қала тұрғындарына түсіністік танытуын сұраймыз. Егер өзіңізде аурудың симптомсыз түрі болса, фильтр-кабинеттерге, өз емханаңыздың call-орталығына хабарласуыңызды сұраймыз, - дейді қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы.

Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының ресми сайтында көрсетілген маңызды телефон нөмірлерін осы сілтеме арқылы жүктеп алуға болады.

Өзгелердің жаңалығы