Қазақстанда Linkedіn әлеуметтік желісі бұғатталды

28 Шілде 2021, 06:29
2163
Бөлісу:
Қазақстанда Linkedіn әлеуметтік желісі бұғатталды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Еліміздегі іскерлік байланыс орнату және жұмыс іздеуге арналған Linkedіn әлеуметтік желісі бұғатталды. 26 шілдеде кешке қолдану­шылары әлеуметтік желіге кіре алмағанын айтып, ша­ғым­данған, деп жазды aikyn.kz.

ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің мәліметінше, интернет-ресурс тарапынан заңбұзушылық тір­ке­луіне байланысты Linkedіn-ге қолжетімділік шектелген. Желіні талдау барысында интернет-кази­но жарнамасы және жалған па­рақ­­­шалар анықталған.

Linkedin интернет-ресурсы­ның әкімшілігіне ескерту жолда­нды. Бірақ олар заң бұзу­шы­лықты жою үшін ешқандай шара қолдан­бады. Соған байланысты ми­нистр­лік «Байланыс туралы» заң­ның 41-1-бабында көзделген тәртіппен әлеуметтік желі қызме­тін шектеді. Бұл ретте, Linkedin ин­тернет-ресурсы заңнаманы бұзу деректерін жойған жағдайда, қолдануға мүмкіндік қайтадан беріледі, - делінген ведомство хабарламасында.
Linkedіn – іскерлік қарым-қатынас, қызметкерлерді іздеу және бос жұмыс орындарын жа­рия­лауға арналған әлеуметтік желі. 2016 жылы компанияны Microsoft 26 миллиард долларға сатып алған.

Өзгелердің жаңалығы