Ashyq жүйесінде жауапты жұмыс істеген кәсіпкерліктердің уақыты ұзартылады – Мырзахметов

28 Шілде 2021, 17:13
1830
Бөлісу:
Ashyq жүйесінде жауапты жұмыс істеген кәсіпкерліктердің уақыты ұзартылады – Мырзахметов

 

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма төрағасы Абылай Мырзахметов ҚР Президенті жанындағы ОКҚ-да өткен брифингте айтты.

 

Соңғы екі күннің ішінде МВК басшылығы және Денсаулық министрлігімен пікір алмастық. Кәсіпкерлердің жағдайын да түсінуге болады. Эпидемиологиялық ахуалдың анық-қанығын көріп отырмыз. Әрине, азаматтардың денсаулығы мен өмірін сақтау – біздің басты мақсатымыз. Алайда экономиканы да тоқтатпай, кәсіпкерлердің жұмысын жалғастыру керек. Олардың бір жылдағы ахуалы да белгілі. Оларға да салық төлеу керек, жалақы мен жалға беру ақысын төлейтін міндеттері бар, - деді ол.

Мырзахметов 16 өңірдің 5 өңірінде ахуал қалғандарына қарағанда күрделі болып отыр.

 

 

Ұлттық палата мен Денсаулық сақтау министрлігі келісімге келді. Бір аптадан кейін жағдай түзелсе, 9 тамыздан бастап бұл көрсеткіштер өзгертіледі. Яғни Ashyq-пен жұмыс істейтіндер 22.00-ге дейін, ал Ashyq-пен жауапты жұмыс істейтін – Ashyq лидерлеріне 24.00-ге дейін жұмыс істеуге рұқсат етіледі. Негізгі кәсіпкерлер жағдайды түсінеді. Олардың сұрап отырғаныы – жауапты кәсіпкерлердің жұмысын тоқтатпау. Сондықтан осы тұрғыдан бұл шара дұрыс деп ойлаймыз. Сосын бір аптадан кейін жағдай түзелгенін көрсек, яғни науқастар азайып, ауыр халде жатқандар саны қысқарса, Ashyq лидерлеріне қандай жеңілдік жасау мәселесін келесі апта қайта қараймыз, - деді Мырзахметов.

 

Ол атағандай, алдағы уақытта Ashyq жүйесінде жақсы жұмыс істеген кәсіпкерліктердің демалыс күндегі жұмысы талқыланады.

 

Өзгелердің жаңалығы