Все новости за 23 шілде 2021
- 2026
-
қаңтар
-
ақпан
-
наурыз
-
сәуір
-
мамыр
-
маусым
-
шілде
-
тамыз
-
қыркүйек
-
қазан
-
қараша
-
желтоқсан
-
-
Нұр-Сұлтанда 26 шілдеден бастап жаңа автобус жүреді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елордада 26 шілдеден бастап «Өндіріс» – GreenLine» қатынасымен жаңа №30 қалалық бағдар іске қосылады. Бұл туралы қала әкімдігінің Instagram парақшасында жазылды.
-
Алматыда интернет-дүкенге алдандық деген халық кеңсе алдына жиналған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ондаған алматылық қаладағы ірі интернет-дүкеннің кеңсесіне барды. Олардың барлығы соңғы жылдары дүкеннен тұрмыстық техника, үйге арналған тауарлар және дәрі-дәрмектер алып отырған.
-
Астанада карантин шаралары қатаңдатылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
-
ІІМ 1 қаңтардан бастап миграция қызметімен айналыспайды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ІІМ еңбек көші-қоны және босқындар мәселелерін басқа ведомствоға бермекші, деп хабарлады Polisia.kz.
-
Токио-2020: Жазғы Олимпиада ойындары ресми түрде ашылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токио стадионында 2020 жылғы Олимпиада ойындары ресми түрде ашылды. Атлеттер шеруіне 96 қазақстандық спортшы қатысты, деп хабарлайды Olympic.kz.
-
Бекшин тағы қаулы қабылдады. Алматы тынысында не өзгермек?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин қалада коронавирустың таралуының алдын алуға қатысты жаңа шаралар қабылдады.
-
Белгілі журналист Нұрперзент Домбай қайтыс болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы жазушы Заря Жұманова Facebook-тегі парақшасында хабарлады.
-
Былтыр аграршылар 15 мың ауыл шаруашылығы техникасын сатып алған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Ауыл шаруашылығының бірінші вице-министрі Айдарбек Сапаров ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында Ақмола облысында John Deer маркасының Ауыл шаруашылығы техникасының толық желісіне қызмет көрсететін ТМД-дағы жалғыз сервистік орталықтың ашылуына қатысты.
-
Алматыда 3 жасар баланың аяғы радиаторға қысылып қалған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысы ТЖД қызметкерлері жылыту батареясына аяғы қысылып қалған балаға көмекке келіп, жарты сағаттың ішінде аяғын шығаруға жәрдемдесті.
-
Мамин жосықсыз қоқыс үйінділерін тастайтын жерлерді жоюды тапсырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Премьер-министрі Асқар Мамин ҚР Президентінің жанындағы «Жасыл экономикаға» көшу жөніндегі кеңес отырысын өткізді.
-
ҚМБД 100 мыңға жуық отбасыға құрбандық етін үлестірді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бастамасымен елдегі пандемия жағдайына байланысты екінші жыл қатарынан қашықтан құрбан шалу жобасы жүзеге асырылды.
-
Көлгінов: Ұжымдық иммунитет қалыптаспаса, құрылыс жұмыстары тоқтатылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі Алтай Көлгінов астаналықтарға кезекті үндеуін жолдады. Ол бас шаһардың тұрғындарын шұғыл түрде екпе алуға шақырды.
-
Атырауда агенттіктің араласуымен 450 млн теңге қазына қаражаты үнемделген
Атырау, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Атырау облысы бойынша департаментінің ұсынысымен 6 ай ішінде 46 мемлекеттік органнан 450 млн теңге бюджет қаражаты үнемделген. Сондай-ақ жемқорлық фактісін хабарлаған 4 азаматқа 700 мың теңгеден астам сыйақы берілген.
-
Тарихтағы ең қауіпті індеттер вакцина арқылы ғана тоқтатылды – дәрігер
Ақмола облысы, BAQ.KZ тілшісі. Адамзат тарихында қауіпті аурулар вакцинациямен тоқтады. Коронавирустан тек екпе ғана қорғай алады.
-
Екібастұз қаласындағы инфекциялық аурухана жаңартылады
Павлодар, BAQ.KZ тілшісі. Екібастұз қаласындағы инфекциялық ауруханада реконструкциялық жұмыстар жүргізілуде. Жобалық-сметалық құжаттама бойынша оттегі станциясының құрылысы қарастырылған.
-
Коронавирус: Алматы облысында жаңа қаулы қабылданды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Алматы облысының бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің жаңа қаулысы шықты.
-
Қызылорда облысында мейрамханалар бизнестегі бағытын өзгертуде
Қызылорда облысы, BAQ.KZ тілшісі. Биылғы жылы Қызылорда облысында кәсіпкерлікті қолдауға көп көңіл бөлінді. Мемлекеттік бағдарламалар аясында 11 млрд теңгеден астам қаржы кәсіпкерлік саласын дамытуға бағытталып, 1600 жобаға несие берілді.
-
COVID-19. Әлемдегі және Қазақстандағы эпидахуал қандай?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Еліміздің Денсаулық Сақтау министрлігі «ҚР ағымдағы эпидемиологиялық жағдай» тақырыбындағы брифингте әлемдік эпидахуал мен еліміздегі соңғы жағдайлар туралы мәлімдеме жасады.
-
Тоқаев Атамқұловқа жалға берілетін тұрғын үй салу жөнінде тапсырма берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Мемлекет басшысы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұловтың есебін тыңдады.
-
Токиода олимпиада ойындарының ашылу салтанаты болып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токиода Олимпиада ойындарының ашылу салтанаты басталды, деп хабарлайды Olympic.kz.
-
COVID стационарларындағы қай мамандарға үстемеақы төленеді?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният хабарлады.
-
COVID-19. Жалған құжат сатып алсаңыз, ем алып жүрген дәрігеріңізге ескертіңіз – Ажар Ғиният
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» алаңында «ҚР ағымдағы эпидемиологиялық жағдай» тақырыбында өткен брифингте Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният вакцинаның жалған құжатын сатып алғандарға қатысты ойын білдірді.
-
Қазақстанда коронавирустан қанша бала қайтыс болды?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният айтты.
-
«Спутник V» вакцинасының зерттеу қорытындылары күзде белгілі болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ресейлік «Спутник V» екпесінің зерттеу қортындылары күз айының ортасына қарай жарияланады, деп мәлімдеді РФ Денсаулық сақтау министрі Михаил Мурашко.
-
Цойдың отставкаға кетуі мүмкін бе?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» алаңында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой отставкаға кетуі туралы қойылған сұраққа жауап берді.
-
Елорда тұрғындары қай ауруханаларға жүгіне алады? – ДСМ жауап берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл сұраққа Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният жауап берді. Елімізде орын алған эпидахуалға байланысты елордадағы емдеу орталықтары COVID-19-ды емдеу стационарларына айналып жатқаны белгілі.
-
Цой карантинді бұзушылардың есімдері жариялануына түсініктеме берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» алаңында «ҚР ағымдағы эпидемиологиялық жағдай» тақырыбында брифинг өтті.
-
Қырғызстан президенті Садыр Жапаров вакцина салдырды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғызстан президенті Садыр Жапаров Бішкектегі сауда орталықтарының біріндегі пунктке барып, қытайлық Sinopharm екпесін салдырды. Бұл туралы super.kg хабарлады.
-
Қазақстанда балаларға вакцина қашан салынады? – Цой жауап берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» алаңында «ҚР ағымдағы эпидемиологиялық жағдай» тақырыбында өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой балаларға вакцина салуға қатысты ойын айтты.
-
Қостанай облысында «Игі істер марафоны» жобасы іске асырылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қостанай облысында Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясындағы мерекелік іс-шараларға және «Игі істер марафоны» қайырымдылық жобасын іске асыруға арналған баспасөз брифингі өтті.
-
Нақты бір вакцинаны күтудің қажеті жоқ – Алексей Цой
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» алаңында «ҚР ағымдағы эпидемиологиялық жағдай» тақырыбында өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой нақты бір вакцинаны күтіп отырудың қажеті жоқ екенін айтты.
-
Бизнес нысандары карантин тәртібін көп бұзады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. Оның айтуынша, ереже бұзғандар нысандардың басым көпшілігі Жамбыл, Түркістан, Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстары, Шымкент және Алматы қалаларына тиесілі.
-
Үндістан тәуелсіздігінің 75 жылдығы Қостанайда атап өтілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Үндістан тәуелсіздігінің 75 жылдығы Қостанай қаласында тойланды.
-
ДСМ қай аймақта қандай вакцина барын айтты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» алаңында «ҚР ағымдағы эпидемиологиялық жағдай» тақырыбында өткен брифингте елімізде қанша вакцина қалғаны туралы ДСМ санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің төрағасы Айжан Есмағамбетова айтты.
-
Коронавирус инфекциясын жұқтырудың тәуліктік деңгейі 5 есе артты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз конференциясы барысында Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой хабарлады. Ал аурушаңдық 2 есеге артқан.
-
Коронавируспен ауырып, кейін вакцина алғандардың иммунитеті он есеге дейін артады – Алмаз Шарман
Алматы, BAQ.KZ тілшісі. Медицина ғалымы, биомедициналық және медициналық-демографиялық зерттеулердің, халықаралық денсаулық сақтау және аурухананы басқару саласының маманы, Америка Денсаулық сақтау Қауымдастығының мүшесі Алмаз Шарман онлайн брифинг барысында коронавирус неліктен жылдам тарап жатқанын айтты.
-
Қазақстанда вакцина салдырғандардың қаншасы қайта ауырған?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» алаңында «ҚР ағымдағы эпидемиологиялық жағдай» тақырыбында өткен брифингте елімізде вакцина салдырғандардың қаншасы қайта вирусты жұқтырғандары туралы айтылды.
-
Бензин бағасы бойынша Қазақстан 26 елдің ішінде бірінші орында тұр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бензин бағасы бір жылда 14%-ға қымбаттады. Бұл Еуропа елдерімен салыстырғанда арзан. Дегенмен energyprom.kz-тің жазуынша, бензин өндірісі бір жылда 5%-ға артты.
-
Токио-2020: XXXII Жазғы Олимпиада ойындары тікелей эфирде көрсетіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. XXXII Жазғы Олимпиада ойындарының трансляциясына қатысты жапониялық «Dentsu Inc.» компаниясымен келіссөздер нәтижелі аяқталды.
-
Токио-2020: Соңғы тәулікте спорттық делегациялар арасында вирус жұқтырудың 19 дерегі анықталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Коронавирус олимпиада қатысушыларын аяп жатқан жоқ. Токиода COVID-19 инфекциясына шалдығудың жаңа жағдайлары анықталды.
-
ТЖМ қатты ыстықта далаға шықпауға кеңес берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ТЖМ азаматтарды қатты ыстықта қажеттілік болмаған жағдайда далаға шықпауға кеңес береді. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі ақпарат таратты.
-
Алматыда әскери институттың курсанты жараланды
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда Құрлық әскерлерінің әскери институты курсанты оқу-жаттығу кезінде жарақат алды. Бұл туралы inalmaty.kz хабарлады.
-
Ashyq: Елордада ереже бұзған сауда үйлері 2 айға дейін жобадан шығарылады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елордалық СОСО мен сауда үйлері қалада толықтай локдаун енгізуді болдырмас үшін Ashyq жобасы аясында жұмыс істеуге дайын. Алайда қосымшаны дұрыс пайдаланбаса, жобадан шеттетілетін болады. Нұр-Сұлтан қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры Алмат Жүнісов осылай деп хабарлады.
-
Білім беру гранттарын тағайындау конкурсына 100 мыңға жуық өтініш берілді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елімізде білім беру гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау жалғасып жатыр. Бүгінгі таңда 100 мыңға жуық өтініш берілді.
-
Пандемия кезінде аурухана қызметкерлерінің үстемақысын жымқырғандар сотталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров «Antikor news» жобасы аясында өткен брифинг барысында хабарлады.
-
Токио-2020: Ел намысын қорғайтын спортшыларды қолдайтын бейнебаян жарық көрді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Токио Олимпиадасының ашылу салтанаты қарсаңында Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитеті олимпиадалық құрама спортшыларын қолдауға арналған ән мен бейнебаянның тұсауын кесті . Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.
-
Биыл сыбайлас жемқорлық істері бойынша 1,5 миллиардтан астам айыппұл салынған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл мәліметтерді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров «Antikor news» жобасы аясында өткен брифинг барысында хабарлады.
-
Ешқандай өзекті мәселені назардан тыс қалдырмаңыздар – Сапарбаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Облыс әкімі Бердібек Сапарбаевтың төрағалығымен өткен жиында ішкі саясат басқармасының басшысы Бейқұт Жамангөзов өңірдегі қоғамдық-саяси ахуал туралы баяндады.
-
Италияда пандемияға байланысты төтенше жағдай режимі 2021 жылдың соңына дейін ұзартылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Италия коронавирусқа қарсы күресте шектеулерді әлсіретуге ниетті емес. Пандемияға байланысты төтенше жағдай режимі 2021 жылдың соңына дейін ұзартылды.
-
Алматыда бір тәулікте мыңға жуық адамнан коронавирус анықталды
Алматы, BAQ.KZ. 2021 жылғы 22 шілде күнгі жағдай бойынша коронавирус инфекциясының 996 жаңа жағдайы тіркелді, оның 920-сы симптомдық және 76-сы симптомсыз. Бұл туралы қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы хабарлады.
-
Болашақтың дағдылары: ХХІ ғасырда нені білу керек?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Дағдыларды, оның ішінде базалық дағдыларды дамыту жаңа мамандықты оқытудан маңыздырақ. Жалпы жақын арада қандай дағдылар қажет болады? Осы және басқа да сұрақтарға жауапты білім беру саласындағы танымал сарапшылар, «өмірлік дағдылар» сессиясының қатысушылары іздеп көрді.
-
Петропавлда саунада өрт шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 23 шілде күні сағат 00:53-те 101 кезекші пультіне Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласындағы сауналардың бірінде өрт шыққаны туралы хабарлама түсті. Бұл туралы ТЖМ баспасөз қызметі хабарлады.
-
Тоқаев ардагер журналисті ғасыр тойымен құттықтады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 23 шілдеде Алматы қаласындағы «Достық үйінде» Ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Қазақстанның еңбек сіңірген мәдениет қайраткері, ардагер журналист Ханымбүбі Ақжолованың 100 жасқа толуына байланысты мерейтой иесіне Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың арнайы Алғыс хатын табыстады.
-
200-ден астам қазақстандық Венгрияның жоғары оқу орындарында тегін білім алады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 200-ден астам қазақстандық Венгрияның жетекші жоғары оқу орындарында тегін білім алады.
-
Ауыл әкімін сайлау: Байқаушының жұмыс блокноты әзірленді - Төлеген Күнәділов
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Партиялық емес байқау орталығында ауыл әкімдерінің сайлауына байқаушыларды сайлау алдындағы даярлау кезеңі аяқталды.
-
Жыл басынан бері жемқорлық бойынша 500-ге жуық адам сотталды – Антикор
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров «Antikor news» жобасы аясында өткен брифинг барысында хабарлады.
-
Алматыда «қызыл мәртебесі» бола тұра қоғамдық орынға барғандардың есімдері жарияланды
Алматы, BAQ.KZ. Алматыда ПТР тесті оң болып шыққан азаматтар қоғамдық орынға барып, «ASHYQ» арқылы жұмыс істейтін ХҚКО, мейрамхана, фитнес-орталық, әуежай және басқада орындарға барғаны анықталды.
-
Сайлау: Өңірлерде Партиялық емес байқау орталығының филиалдары құрылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Партиялық емес байқау орталығының төрағасы Төлеген Күнәділов журналистерге берген сұхбатында айтты.
-
Карантин. Елордада демалыс күндері автобус жүрмейді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының бас мемлекеттік санитарлық дәрігерінің қаулысына сәйкес, сенбі және жексенбі күндері елордада қоғамдық көлік тоқтатылады.
-
Токио-2020: Садақ атудан іріктеу аяқталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бүгін Токио Олимпиадасында садақ атудан ерлер мен әйелдер арасындағы іріктеу кезеңі аяқталды.
-
Токио-2020: Райымқұлова спортшыларға сәттілік тіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова Токио Олимпиадасына аттанған Қазақстан делегациясына сəттілік тіледі. Бұл туралы министрліктің баспасөз қызметі хабарлады.
-
Елордада биыл өрттен 139 млн теңге материалдық шығын келтірілген
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Қуанар Базарбаев онлайн брифинг барысында биыл өртпен келтірілген материалдық шығын 139 млн теңгені құрағанын айтты.
-
Токио-2020: Олимпиадада бокс бәсекесін ашық және әділ өткізуге тырысамыз – ХОК
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токио Олимпиадасындағы бокс бәсекесі мейілінше ашық және әділ өтуі тиіс. Халықаралық Олимпиада комитеті комиссиясының басшысы Ленни Эбби осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы Olympic.kz хабарлады.
-
Қазақстанда цемент импортына тыйым алынып тасталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда үшінші елдерден цемент әкелуге салынған тыйым 2021 жылғы 23 шілдеден бастап алынып тасталды.
-
Демалыс күндері 46 градусқа дейін ыстық болады
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты еліміздің солтүстік аймақтарында жаңбыр жауады.
-
Еңбек саласындағы әлеуметтік шиеленістер кәсіподақтардың тұрақты бақылауында
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. «Атырау облысы Кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Ізтұрған Баймұханов «ESS Support Services» және «Мұнай Көлік» ЖШС жұмыскерлерімен кездесті. Кездесуге «Қазақстандық мұнайгаз салалық кәсіптік одағы» ҚБ төрайымы Елена Мұстафина да қатысты.
-
Сағынтаев жаңадан салынып жатқан жұқпалы аурулар ғылыми орталығында болды
Алматы, BAQ.KZ. Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Алатау ауданына жасаған жұмыс сапары кезінде балабақша, мектеп, сумен жабдықтау желілері, жол құрылысы және аумақты абаттандыру жұмыстарымен танысты.
-
Карантиндік baby boom: Қазақстанда туу деңгейі рекордтық көрсеткішке жетті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда туу көрсеткіші өсуде. «Карантиндік сәбилердің» саны өткен жылғы көрсеткіштен сегіз пайызға өскен, деп хабарлайды Ranking.kz.
-
Бұл оқиға саяси жаңғырудың жаңа кезеңін білдіреді – Тоқаев
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 25 шілде күні Қазақстанда алғаш рет ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы өтеді.
-
Токио-2020: Трансляция бола ма? – Серік Сәпиев жауап берді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің төрағасы Серік Сәпиев Токиодағы Олимпиада ойындарының трансляциясы бола ма деген сұраққа жауап берді.
-
Алматыдағы кейбір ғимараттарда 20 күнге дейін ыстық су болмайды
Алматы, BAQ.KZ. Жетісу ауданындағы ғимараттардың бір бөлігінде ыстық су өшірілетін болды. Бұл туралы «Алматы жыл жүйесі» ЖШС-і хабарлады.
-
Бекмұқашев Геодезия және картография комитетінің төрағасы болып тағайындалды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ҚР ЦДИАӨМ министрінің бұйрығымен Қажмұқан Ахматдинұлы Бекмұқашев Қазақстан Республикасы Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің Геодезия және картография комитетінің төрағасы қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлайды.
-
Токио-2020: Владислав Яковлев академиялық есуден іріктеу кезеңінде үшінші орын алды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Токиодағы Олимпиада ойындарында академиялық есуден ерлер мен әйелдер арасындағы іріктеу сыны басталды деп хабарлайды Olympic.kz.
-
Елімізде 5 млн-нан астам адам вакцина салды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДСМ 23 шілде күнгі деректер бойынша өңірлерде КВИ-ға қарсы вакцинациялау жүргізу туралы ақпаратты жариялады.
-
Жамбылда өндірілген «QazVac» вакцинасының 50 мың дозасы еліміздің барлық өңіріне жеткізілді
Жамбыл облысы. BAQ.KZ тілшісі. Мемлекеттік бағдарламалардың көмегінің нәтижесінде Жамбыл облысының әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері биыл былтырғыдан жоғары.
-
«Балқаш-Бурылбайтал»: Күрмеуі көп күре жол
Қарағанды облысы, BAQ.KZ тілшісі. «Нұрлы жол» мемлекеттік бағдарламасы аясында «Оңтүстік-Орталық» жобасы жүзеге асырылып жатыр. Бұл елорда мен оңтүстік астананы жалғайтын күре жол болғандықтан, күретамыр болып есептеледі.
-
Өңірлердегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. 23 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды.
-
КВИ мен пневмониядан 74 адам көз жұмды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. ДСМ коронавирус инфекциясына шалдыққандар туралы 23 шілдедегі ақпаратты жариялады.
-
Токио-2020: Олимпиаданың ашылуы нешеде басталады?
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ұлттық Олимпиада комитетінің мәліметінше, Олимпиада ойындарының ресми салтанатты ашылу рәсімі Нұр-Сұлтан уақытымен 17:00-де басталады.
-
2427 адам коронавирус індетінен емделіп шықты
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 2427 адам коронавирус індетінен емделіп шықты, деп хабарлайды coronavirus2020.kz.
-
Елімізде өткен тәулікте 6119 адам коронавирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанда өткен тәулікте 6119 адамда коронавирус індеті ПТР арқылы расталып ауырғаны белгілі болды. Бұл туралы COVID-19 таралуына жол бермеу жөніндегі ВАК хабарлады.
-
Pfizer вакцинасы Оңтүстік Африкада да өндірілетін болды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Оңтүстік Африканың Biovac атты вакцина өндіретін алғашқы кәсіпорын BioNTech-Pfizer вакцинасын өндіруді бастайды, деп хабарлайды Deutsche Welle.
-
Қытайдың оңтүстігі алапат дауылға дайындалып жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайдың оңтүстігіне алапат дауыл таяп келеді, деп жазады Хабар24.
-
Шардаралықтар Маңғыстауға 300 тоннаға жуық жем-шөп жөнелтті
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Шардарлықтар Маңғыстауға 300 тоннаға жуық мал азығын жөнелтіп, жәрдем көрсетті, деп хабарлайды Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі.
-
СҚО полицейлері ірі көлемде есірткі тәркіледі
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. СҚО полицейлері есірткі таратқан адамнан аса ірі көлемде синтетикалық есірткі тәркіледі, деп хабарлайды Polisia.kz.
-
Қазақстанның сыртқы қарызы өсіп жатыр
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның сыртқы қарызы өсіп жатыр. Бір жылда ол 11 млрд долларға көбейген, деп хабарлайды Ұлттық банктің баспасөз қызметі.
-
Құрбан айттың екінші күнінде 30 мыңнан аса отбасыға ет таратылды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Құрбан айт мерекесінің екінші күні Қазақстанда 32 896 отбасыға ет таратылды, деп хабарлайды Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы.
-
АҚШ-та 4 миллионнан аса бала коронавирус жұқтырған
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Балалар да ересектер секілді коронавирус инфекциясын жұқтыруға бейім келеді.
-
Жетісайда үшем дүниеге келді
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Жетісай ауданында үшем дүниеге келді, деп хабарлайды жергілікті әкімдік.
-
Бір отбасын түгел пышақтап тастаған қылмыскер сотталды
Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Петропавлда үш туысын пышақтап, тағы екеуінің өміріне қастандық жасаған 30 жастағы ер адамға сот үкімі шықты.
Наверх