АҚШ-та 4 миллионнан аса бала коронавирус жұқтырған

23 Шілде 2021, 02:16
1859
Бөлісу:
АҚШ-та 4 миллионнан аса бала коронавирус жұқтырған

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Балалар да ересектер секілді коронавирус инфекциясын жұқтыруға бейім келеді.

Пандемия басталғаннан бері АҚШ-та 4 миллионнан астам бала COVID-19 індетіне шалдыққан. Бұл деректерді америкалық Педиатрия академиясы мен балалар ауруханалары қауымдастығы жариялады. Хабарламада айтылғандай, өткен аптада балалар арасында 23,5 мыңнан астам вирус жұқтыру дерегі тіркелген.

Айта кетейік, АҚШ-та COVID-19 инфекциясымен ауырғандардың жалпы санының 14,2%-ын балалар құрайды.


Өзгелердің жаңалығы