Қазақстанда балаларға вакцина қашан салынады? – Цой жауап берді

23 Шілде 2021, 17:24
5360
Бөлісу:
Қазақстанда балаларға вакцина қашан салынады? – Цой жауап берді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Президенті жанындағы «Орталық коммуникациялар қызметі» алаңында «ҚР ағымдағы эпидемиологиялық жағдай» тақырыбында өткен брифингте Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой балаларға вакцина салуға қатысты ойын айтты.

Министр атап өткендей, бүгінгі күні Қазақстанда балаларға салатын КВИ-ге қарсы екпе жоқ.

Біз үшін барлығына вакцина алу құқығын бірдей беру маңызды. Оның ішінде балаларымыз да вакцинацияға мүмкіндік алуы керек. Себебі қазір тек үлкендер ғана вакцина ала алады. Қазіргі күні нақты мерзімді атай алмаймыз. Себебі вакцинация тек ерікті түрде жүргізіледі. Сондай-ақ ата-анасының рұқсатымен ғана жүргізіледі. Бірақ қазірдің өзінде көптеген ата-ана өтініш білдіріп, балаларды вакцинациялауды сұрап жатыр. Бірақ өкінішке орай, әзірге Қазақстанда мұндай вакциналар жоқ, - деді Алексей Цой.

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы мүмкіндік пайда болғаннан кейін балаларды вакциналауға қолжетімділікті қамтамасыз ететіндерін айтты.

Өзгелердің жаңалығы