Италияда пандемияға байланысты төтенше жағдай режимі 2021 жылдың соңына дейін ұзартылды

23 Шілде 2021, 14:26
2095
Бөлісу:
Италияда пандемияға байланысты төтенше жағдай режимі 2021 жылдың соңына дейін ұзартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Италия коронавирусқа қарсы күресте шектеулерді әлсіретуге ниетті емес. Пандемияға байланысты төтенше жағдай режимі 2021 жылдың соңына дейін ұзартылды. 

COVID-19 таралуына қарсы жаңа шаралар туралы Жарлықты ел Үкіметі мақұлдады. Азаматтар үшін жабық үй-жайлардағы мейрамханалар мен барларға, мұражайлар мен кинозалдарға, спорт залдар мен бассейндерге, сондай-ақ мәдени іс-шараларға бару үшін COVID-сертификаты енгізіледі. 

Worldometer мәліметтері бойынша Италияда анықталған коронавирустық инфекцияны жұқтырудың жалпы саны 4 302 393 құрайды, COVID-19 құрбандарының саны 127 920-ға жетті.

Өзгелердің жаңалығы