Елордада биыл өрттен 139 млн теңге материалдық шығын келтірілген

23 Шілде 2021, 11:53
1356
Бөлісу:
Елордада биыл өрттен 139 млн теңге материалдық шығын келтірілген

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Нұр-Сұлтан қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің басшысы Қуанар Базарбаев онлайн брифинг барысында биыл өртпен келтірілген материалдық шығын 139 млн теңгені құрағанын айтты.

Оның айтуынша, елорда гарнизоны жыл басынан бері 3 337 рет көмекке шыққан. Бұл 2020 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 27 пайызға көп.

Өртке 447 рет, дала өртіне – 1 453, авариялық құтқару жұмысына – 852 рет шықтықф. Жалпы 2021 жылы өрттен 7 адам қайтыс болды, оның ішінде екеуі бала. 11 адам жарақат алған, 361 адам құтқарылып, қауіпсіз жерге көшірілді. Өрт салдарынан келтірілген материалдық залал 139 млн теңге болды. Өрт қауіпі басталған кезеңнен бері құрғақ шөптің 306 жану жағдайы тіркелді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 1,5 есе көп. Бұл ретте өрттің жалпы ауданы 113 мың шаршы метрді құрады, - деді ол. 

Департамент басышысы құрғақ шөптің жануының негізгі себептері отты абайсыз пайдалану, темекі шегу және елді мекен, саяжай және бау-бақша аумақтарында өрт қауіпсіздігі қағидаттарын бұзғаннан болып отырғанын жеткізді. 

Алдын алу іс-шарасы барысында елорда тұрғындарының қоқыс пен құрғақ шөпті өртеген 31 дерегі анықталды. Ондай кезде азаматтарды әкімшілік-жауапкершіліктің 336-бабы бойынша жауапкершілікке тартады. 2021 жылғы 1 шілдеден бастап әкімшілік кодекске түзетулер енгізілді, яғни 336-баптағы ескерту беру алынып тасталды, - деді Базарбаев. 

Сонымен қатар ол өрттің алдын алу мақсатында департамент халық арасында үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп отырғанын айтты. 

«Табиғатты өрттен қорғайық» республикалық акциясы аясында Нұр-Сұлтан қаласының Полиция департаментінің жол потрульдік қызметі және еріктілермен бірлесіп, демалысқа шығатын халыққа өрт қауіпсіздігі ережелерін түсіндіру бойынша жұмыстар ұйымдастырылды, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы