Көлгінов: Ұжымдық иммунитет қалыптаспаса, құрылыс жұмыстары тоқтатылады

23 Шілде 2021, 20:31
2611
Бөлісу:
Көлгінов: Ұжымдық иммунитет қалыптаспаса, құрылыс жұмыстары тоқтатылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елорда әкімі Алтай Көлгінов астаналықтарға кезекті үндеуін жолдады. Ол бас шаһардың тұрғындарын шұғыл түрде екпе алуға шақырды.

Бұл туралы ол Instagram-дағы парақшасында хабарлады.

Қала тұрғындары күн сайын жолда, жұмыста, туыстарымен және т.б. адамдармен араласады. Өкінішке қарай, бәрі бірдей қауіпсіздік шараларын сақтай бермейді. Санитарлық нормаларды және өзін-өзі қорғаудың қарапайым тәсілдерін сақтамау қатерге бас тігумен тең. Мұндай жағдайда адам өмірі мен денсаулығына қауіп төнеді, - дейді әкім.

Айтуынша, вакцинация ғана сізді және отбасыңызды реанимациядан, аурудан кейінгі оңалту курсынан, антибиотиктер мен өзге де ауыр дәрі-дәрмектер қабылдаудан сақтайды.

Бәріңізді шұғыл түрде екпе алуға шақырамын. Вакцинация ғана сізді және отбасыңызды реанимациядан, аурудан кейінгі оңалту курсынан, антибиотиктер мен өзге де ауыр дәрі-дәрмектер қабылдаудан сақтайды. Вакцинацияның маңызын елордадағы құрылыс компанияларының өкілдерімен де талқыладық. Биыл жұмыс көп. Қолжетімді тұрғын үй құрылысының көлемі, оқу орындардың, әлеуметтік нысандардың құрылысы және т.б. артпақ. Алайда ұжымдық иммунитет қалыптаспаса, құрылыс жұмыстары тоқтатылады. Вакцинация арқылы ғана ұжымдық иммунитетті дамыта аламыз, - деп түйіндеді Көлгінов.

Өзгелердің жаңалығы